О внесении изменений и дополнений и приказ Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. N 136
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений и приказ Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. N 136
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 19.08.97 ж. N 136 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 29.09.1997
- Көрсетілген редакция
- 06.08.1998 AI3635_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V970000055_
- ЭКБ идентификаторы
- 3635
- Редакция идентификаторы
- AI3635_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:56
0 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 19.08.97 ж. N 136 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының 1998.08.07. N 75 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығының 138 бабына сәйкес бұйырамын:
1. 3-тармақтағы бiрiншi және екiншi абзацтарда "2000" саны "4000" санымен ауыстырылсын.
2. 7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Салық органдары жеке тұлғаларға, жалпы көлемi 20-шаршы метрден аспайтын, белгiленген жобалы орындарда (дүкеншелерде, сөрелерде) халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сатуды жүзеге асыру үшiн ғана, сауда саласындағы жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдану үшiн салық патенттерiн берсiн.
Жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi ретiнде салық органдарында тiркелмеген сауда базарларында сөрелерде, машиналар мен басқа да орындарда сауда жасайтын азаматтар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi № 955-шi қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алынатын алымдар туралы" ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алым төлеуге тиiстi".
3. 9-тармақта "1 қыркүйек" деген сөздер "20 қазан" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Бұйрықтың N 1 қосымшасының II тарауының 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобильдердi жөндеу және техникалық қызмет"
5. Бұйрықтың № 1 қосымшасының IV тарауына мынадай мазмұндағы 55-тармақ қосымша енгiзiлсiн:
"Жалпы көлемi 20 шаршы метрден аспайтын, белгiленген жобалы орындарда (дүкеншелерде, сөрелерде) халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сату".
6. Бұйрықтың N 1 қосымшасының ескертпесiндегi бiрiншi тармақ "Қазақстан Республикасы шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
2-тармақтың екiншi азбацы 3-тармақ деп саналсын және мынадай редакцияда жазылсын:
"Өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде оның сапалық сертификаты мен қайдан шыққанын растайтын барлық құжаттар болуға тиiс".
7. Мынадай редакциядағы 10-тармақ енгiзiлсiн:
"Облыстар бойынша салық комитеттерi 1997 ж. 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде патенттiң құнын бекiтiлген тiзбеге сәйкес реттесiн".