Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. "О нормах отпуска топлива, потребления жилищно-коммунальных услуг, услуг связи при предоставлении льгот отдельным категориям граждан в соответствии с действующим законодательством"

Өзге акт · № 523 · қабылданған 19.05.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-1997/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. "О нормах отпуска топлива, потребления жилищно-коммунальных услуг, услуг связи при предоставлении льгот отдельным категориям граждан в соответствии с действующим законодательством" Күшін жойған 19.05.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. "О нормах отпуска топлива, потребления жилищно-коммунальных услуг, услуг связи при предоставлении льгот отдельным категориям граждан в соответствии с действующим законодательством"

Күшін жойған Өзге акт № 523 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 1997 г. "О нормах отпуска топлива, потребления жилищно-коммунальных услуг, услуг связи при предоставлении льгот отдельным категориям граждан в соответствии с действующим законодательством"
Атауы (қаз.)
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату, тұрғын үй-коммуналдық қызмет, байланыс қызметін тұтыну нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
523
Қабылданған күні
19.05.1998
Көрсетілген редакция
19.05.1998 1992_256913.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000047
ЭКБ идентификаторы
1992
Редакция идентификаторы
1992_256913
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату, тұрғын үй-коммуналдық қызмет, байланыс қызметін тұтыну нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы қаулысын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 сәуiрдегi қолданылып жүрген Заңына сәйкес "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату, тұрғын үй-коммуналдық қызметтi, байланыс қызметiн тұтыну нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiндегi нормалар (тұтыну) 1998 жылғы 1 мамырдан бастап мына мөлшерлерде белгiленсiн:

электр қуаты - жеңiлдiк алуға құқы бар бiр азаматқа бiр айға 45 квт. сағат, ал электр плиталармен жабдықталған үйлерде тұратындарға - 70 квт. сағат;
газ - орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етiлген жағдайда бiр азаматқа айына 4,8 кг, ыстық сумен қамтамасыз етiлмесе - 8,2 кг немесе 100 % жеңiлдiктерi барларға бiр жылға 9 баллон, ал 50 % жеңiлдiктерi барларға бiр жылға 5 баллон;
қатты және сұйық отын - шартты отынды табиғиға шаққандағы коэффициенттi қолдана отырып пайдалы алаңның 1 шаршы метрiне 77,9 кг шартты отын;
суық және ыстық су, ағынды су бөлу N 1 қосымшаға сәйкес;
жылу энергиясын тұтыну нормалары (Гкал.) жылу беруге арналған тарифтерi есептеген кезде қабылданған шекте белгiленсiн.

2. Қолданылып жүрген заңға сәйкес құқысы бар азаматтардың жеке санаттарына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және қатты, сұйық отын бойынша жеңiлдiктер немесе ақшалай төлемдер түрiнде жеңiлдiктер беру босатудың (тұтынудың) белгiленген нормаларын ескерiп және тұрғын үй заңдылығы белгiлеген, бiр адамға 18 шаршы метр көлемiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң эквиваленттi нормасына сәйкес тұрғын үй алаңы нормасы шеңберiнде жүргiзiлсiн. Бiрақ ол нақты алып отырған пайдалы алаңнан артпауы тиiс және егер басқасы қолданылып жүрген заңда көзделмесе, нақты тұтынатын қызмет шеңберiнде болуы қажет.

3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:

- жеңiлдiктер берiлетiн кезде ескерiлетiн жұмыстар тiзбесiн, немесе тұрғын жайын ұстауға арналған шығындар бойынша ақшалай төлемдер түрiнде жеңiлдiктердi және тұрғын үй қорының ескiру деңгейiн ескерiп белгiленген жұмыстар түрi бойынша шектi тарифтер бекiтсiн;
- лифт шаруашылығына және тұрмыстық қатты қоқыстардан адалауға төлеу жөнiндегi жеңiлдiк қолданылып жүрген тәртiп бойынша белгiленген тарифтер бойынша берiлсiн.

4. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру жөнiндегi шығындардың орнын толтыруды белгiленген босату (тұтыну) нормаларына сәйкес жүргiзсiн.

5. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (Шерубаев А.С.) осы шешiм туралы халықты құлақтандырсын.

6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.

7 Қолданылып жүрген заңға сәйкес жеңiлдiктермен пайдалануға құқы бар азаматтардың жеке санаттарына арналған суық және ыстық суды пайдалану, ағызылатын суды бөлу

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 20 мамырдағы N 523
шешiмiне N 1 қосымша
Қолданылып жүрген заңға сәйкес жеңiлдiктермен пайдалануға
құқы бар азаматтардың жеке санаттарына арналған суық
және ыстық суды пайдалану, ағызылатын суды бөлу
НОРМАЛАРЫ
1. Суық және ыстық суды пайдалану нормалары
Пәтерлер үлгiлерi
Тәулiгiне 1 адамға арналған  пайдалану нормалары, литр
суық су
ыстық су
1. Пәтерлiк үлгiдегi тұрғын үйлер:
ваннасыз су құбыры және канализациясы бар
95
газбен жабдықталған
120
су құбыры, канализациясы және ванналары бар қатты отынмен жұмыс iстейтiн жылытқыштары бар
150
су құбыры, канализациясы және ванналары бар газбен жылытқыштары бар
190
тез қыздыратын газбен жылытқыштары және көпнүктелi су ағызғыштары бар
210
орталықтандырылған жылумен қамтылған, жуындырғыштармен, жуғыштармен және душтармен жабдықталған
110
85
душпен жабдықталған отырып жуынатын ванналары бар
140
90
душпен жабдықталған, ұзындығы 1500-ден 1700 мм-ге дейiн ванналары бар
145
105
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған және тұрмысқа қолайлылыққа жоғары талаптары бар биiктiгi 12 қабаттан жоғары
170
115
2. Су бөлгiш колонкалардан су алып пайдаланатын құрылыс жүрiп жатқан аудандар
50
2. Ағызылатын суларды бөлу нормалары
Канализациямен жабдықталған үйлер бойынша ағызылатын суларды бөлу нормалары 1 адамның тәулiгiне суық және ыстық суды пайдалану нормаларының қосындысымен айқындалады
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау бас басқармасының бастығы
А.С. Шерубаев