О внесении дополнения и изменения в решение акима области от 19 января 1999 года № 15
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменения в решение акима области от 19 января 1999 года № 15
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 15 шешіміне толықтыру және өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 10.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 10.06.1999 5164_255544.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99P0000208
- ЭКБ идентификаторы
- 5164
- Редакция идентификаторы
- 5164_255544
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:07
0 Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 15 шешіміне толықтыру және өзгерту енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару орындарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Әкімшіл-мекемелердің тізбесіне өзгертулер енгізу қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардың № 15 «Жергілікті бюджеттерден қаржыландыралатын бағдарламаларды басқаратын әкімшіл-мекемелердің мәселелері туралы» шешіміне төмендегідей толықтыру мен өзгерту енгізілсін:
Шешімге мына мазмұндағы 5-тармақ қосылсын:
«5. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдеріне:
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесіне;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды орындайтын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесіне;
жергілікті бағдарламаларды орындайтын, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесін бекіту және оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығы берілсін.
Алғашқы шешімнің 5-тармағы 6-тармақ болып саналсын.