Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года № 431

Қаулы · № 848 · қабылданған 24.06.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-1999-no-431-ekb-3291/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года № 431 Қолданыста 24.06.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года № 431

Қолданыста Қаулы № 848 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года № 431
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
848
Қабылданған күні
24.06.1999
Көрсетілген редакция
24.06.1999 AI3291_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000848_
ЭКБ идентификаторы
3291
Редакция идентификаторы
AI3291_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:04
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 P990431_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Таңбалауға жататын отандық және импорттық өндірістегі
акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) сату 1999
жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана:
1) акцизделетін тауарларды өндірушілерге - 1999 жылдың 1 шілдесінен
бастап;
2) акцизделетін тауарларды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын
заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 1 тамызынан бастап жүзеге
асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі және
жариялауға жатады.