Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины о взаимных поездках граждан от 19 мая 2000 года

Заң · № 77-V · қабылданған 18.02.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2000/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины о взаимных поездках граждан от 19 мая 2000 года Қолданыста Заң ·№ 77-V ·18.02.2013
18.02.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины о взаимных поездках граждан от 19 мая 2000 года

Қолданыста Заң ·№ 77-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины о взаимных поездках граждан от 19 мая 2000 года
Атауы (қаз.)
2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
77-V
Қабылданған күні
18.02.2013
Көрсетілген редакция
18.02.2013 AI70956_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000077
ЭКБ идентификаторы
70956
Редакция идентификаторы
AI70956_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:42

0 2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 7 сәуірде Астанада жасалған 2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімде, бұдан әрі - «Келісім», көзделген екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының режимін одан әрі реттеу мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 1-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары шетелге жол жүру үшін жарамды құжаттарының негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын бірінші рет кесіп өткен күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күнге дейінгі мерзімде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.».

2 2-бап

Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер мұндай болу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші рет келген күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын болса, оларда осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде шекаралық бақылау органдарының белгісі қойылған көші-қон карточкасы болған жағдайда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары өзара негізде осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына құзыретті органдарда тіркелуден босатылады.».

3 3-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісіммен бір мезгілде күшін жояды.
2010 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар Хаттаманың орыс тіліндегі мәтініне жүгінетін болады.
2010 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында жасалған 2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

Қолданыстағы