О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836
Күшін жойған
Қаулы
·№ 529
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 529
- Қабылданған күні
- 08.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2018 28212_348559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000529_
- ЭКБ идентификаторы
- 28212
- Редакция идентификаторы
- 28212_348559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:19
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесiнде , жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiнде:
3-тармақтың 15) тармақшасындағы "оралмандарға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдерi шеңберiнде тартылатын ғарыштық зымыран кешенiн құру және жердегi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалану жөнiндегi маман болып табылатындарға".