Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года № 1660

Қаулы · № 1324 · қабылданған 30.12.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2001-no-1660/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года № 1660 Күшін жойған Қаулы ·№ 1324 ·30.12.2005
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года № 1660

Күшін жойған Қаулы ·№ 1324 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года № 1660
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1324
Қабылданған күні
30.12.2005
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI26299_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050001324_
ЭКБ идентификаторы
26299
Редакция идентификаторы
AI26299_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:03

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 559-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасындағы 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен олардың қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде), қайта тiркеу кезiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгендердi қоспағанда, 7600 теңгенi құрайды;
2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен 2280 теңгенi құрайды;
3) саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен 15960 теңгенi құрайды.
2. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
1) құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
2) мемлекеттiк қайта тiркеу (есептiк) кезiнде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын;
3) қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
3. Балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiн, сондай-ақ мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
1) құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде - алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2) мемлекеттiк қайта тiркеу - (есептiк) кезiнде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын;
3) қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
4. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы 50 теңгенi құрайды.".

2 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

Қолданыстағы