О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 19 июня 2002 года № 468 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы органов по чрезвычайным ситуациям, не являющихся государственными служащими", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан № 1912
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 19 июня 2002 года № 468 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы органов по чрезвычайным ситуациям, не являющихся государственными служащими", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан № 1912
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген № 1912 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 468 "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 09.01.2004
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2011 AI18587_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002698_
- ЭКБ идентификаторы
- 18587
- Редакция идентификаторы
- AI18587_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:37
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген N 1912 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468 "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын белгілеу кезінде бірыңғай тәртіп сақтау мақсатында бұйырамын:
1
1. "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1912 тіркелді), құжат жарияланбаған, мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ байланыс, жөндеу-құрылыс, құрылыс, гидрометеорологиялық, жобалау-іздестіру және инженерлік-гидрологиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызмет аясын ұйымдастыратын лауазымдардағы уақыт енгізіледі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеу кезінде есепке алынады.
Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын (төлемін) көтеру құқығы берілетін қызметкерлерге жұмыс өтілін есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берілетін күннен бастап жүзеге асырылады".
2 2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
23 қаңтар 2004 ж.