Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918

Қаулы · № 746 · қабылданған 21.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2002-no-918-ekb-53579/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918 Күшін жойған Қаулы ·№ 746 ·21.07.2010
24.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918

Күшін жойған Қаулы ·№ 746 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
746
Қабылданған күні
21.07.2010
Көрсетілген редакция
24.06.2015 AI53579_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000746_
ЭКБ идентификаторы
53579
Редакция идентификаторы
AI53579_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:44

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

2

2. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
«Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде:
«Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері» деген 3-кіші бөлімде:
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Тиісті бюджетті нақтыламай, бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзетуге жол берілмейді.
45. Бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.»;
46-тармақта:
бірінші бөліктегі «бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздер «қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Республикалық» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы