О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 04.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2015 AI57642_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000227
- ЭКБ идентификаторы
- 57642
- Редакция идентификаторы
- AI57642_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:59
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
«Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде:
«Бекіту тәртібі» деген 2-кіші бөлімнің 32-тармағындағы «750000 (жеті жүз елу мың)» деген сандар мен сөздер «1300000 (бір миллион үш жүз мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
«Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері» деген 3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:
«47. Құрылыс мерзімі үш жылдан астам және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 791 қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін іске асырылатын жылу-энергетика кешенінің техникалық жағынан күрделі объектілерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзету кезінде шығындар тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес ескеріледі.».