О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918 "О Правилах проведения экспертизы предпроектной (технико-экономических обоснований) и проектной (проектно-сметной) документации на строительство независимо от источников финансирования, а также утверждения проектов, строящихся за счет государственных инвестиций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 918 "О Правилах проведения экспертизы предпроектной (технико-экономических обоснований) и проектной (проектно-сметной) документации на строительство независимо от источников финансирования, а также утверждения проектов, строящихся за счет государственных инвестиций"
- Атауы (қаз.)
- "Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1343
- Қабылданған күні
- 19.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2015 AI85229_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001343
- ЭКБ идентификаторы
- 85229
- Редакция идентификаторы
- AI85229_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:32
0
"Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік сараптаманың құзыретіне жатпайтын және сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы олардың шарттарында белгіленеді, бірақ күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен, техникалық күрделі емес объектілер үшін күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспауы тиіс.».