О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2003 года N 269
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2003 года N 269
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1334
- Қабылданған күні
- 20.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI22198_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001334_
- ЭКБ идентификаторы
- 22198
- Редакция идентификаторы
- AI22198_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:22
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістiк мұқтаждар үшiн әкелiнетін қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1, 3, 10, 16, 17, 48, 87, 88, 103, 144, 150, 151, 152, 157, 165, 172-жолдар алынып тасталсын.