"О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года N 80-ОД "Об утверждении Правил утверждения тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет в упрощенном порядке"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года N 80-ОД "Об утверждении Правил утверждения тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет в упрощенном порядке"
- Атауы (қаз.)
- "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Рспубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 175-ОД
- Қабылданған күні
- 26.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 34235_485407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004827_
- ЭКБ идентификаторы
- 34235
- Редакция идентификаторы
- 34235_485407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:27
0 "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Рспубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
"Табиғи монополияларды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2237 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы 17 мамырда N 20 жарияланған, Қазақтан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 3517 нөмірмен тіркелген, "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 62-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 4366 нөмірмен тіркелген, "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 8 тамыздағы N 196-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, "Заң газетінде" 2006 жылы 22 қыркүйектегі N 170 жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесiнде :
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Өтінімнің материалдары тігілуге, нөмірленуге және мөрмен және табиғи монополия субъектісі басшысының қолымен расталуға тиіс. Бұл ретте, ұсынылған қаржы құжаттарына бірінші басшы мен бас бухгалтер не оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және субъектінің мөрімен расталуға тиіс;".