О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2003 года № 460
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2003 года № 460
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 08.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2011 AI33102_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000370_
- ЭКБ идентификаторы
- 33102
- Редакция идентификаторы
- AI33102_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:40
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының»" Ғылым туралы " 2001 жылғы 9 шілдедегі және»" Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. » "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 206-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережеде:
6, 7, 9, 11-тармақтардағы»"ғылыми ұйымдарды",»"Ғылыми ұйымдарды",»"ғылыми ұйымдар" деген сөздерден кейін»"(денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ұйымдастырады және өткізеді.";
7-тармақта:
бірінші абзацтағы»"(бұдан әрі - Комиссиялар)" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацта:
"Уәкілетті" деген сөз»"тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Комиссиялардың" деген сөз»"Аттестаттау комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.";
8, 10, 11-тармақтардағы "Комиссиялардың", "Комиссияға", "Комиссиялар" деген сөздер тиісінше»"Аттестаттау комиссияларының",» "аттестаттау комиссиясына",»"Аттестаттау комиссиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына:
1) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі
мемлекеттік органның;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның;
3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттау өткізгенге дейін үш айдан кешіктірмей ғылыми ұйымдардың назарына жеткізіледі.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешімді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган қабылдайды.";
12-тармақта екінші абзацтағы»"Уәкілетті" деген сөз»"тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын.