О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года № 82-ОД "Об утверждении Инструкции по утверждению тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий", зарегистрированный за № 2256
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года № 82-ОД "Об утверждении Инструкции по утверждению тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий", зарегистрированный за № 2256
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 493-ОД
- Қабылданған күні
- 14.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2013 AI22716_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003370_
- ЭКБ идентификаторы
- 22716
- Редакция идентификаторы
- AI22716_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:24
0
"Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 3) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы № 253-НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2253 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 шілдедегі № 322-НҚ өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2253 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруіне және ұсынуына тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту жөніндегі нұсқаулықтағы:
25-1-тармақта "осы Нұсқаулықтың 25-тармақтың үшінші абзацында" деген сөздерді "осы тармақтағы" деген сөздермен ауыстырылсын.