О внесении изменений и дополнения в Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 ноября 2004 года N 246 "Об утверждении Правила выдачи удостоверения охотника Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 ноября 2004 года N 246 "Об утверждении Правила выдачи удостоверения охотника Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 12.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2010 AI34368_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004830_
- ЭКБ идентификаторы
- 34368
- Редакция идентификаторы
- AI34368_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:21
0 "Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 261-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшы куәлігі (1-қосымша) тұрғылықты жер бойынша 10 жыл мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының (бұдан әрі - аумақтық басқарма) тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі болмаса, аңшы куәлігі жарамсыз деп танылады.";
11-тармақта "және жеке ісінің" деген сөздер алынып тасталсын.
2-қосымшада:
"Ерекше белгілер" бөлімі осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес "1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер" тармағымен толықтырылсын.
"1" және "2"-тармақтар тиісінше "2" және "3" реттік нөмірлерге өзгертілсін.
2 2. Жануарлар дүниесі басқармасы (Дүйсекеев Б.З.) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Қ.Ш. Мұсабаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті төрағасының
2007 жылғы 12 шілдедегі N 231 бұйрығына
қосымша
1 1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер
Түрі
Маркасы
Калибрі
Шығарылған
жылы
Зауыттық нөмірі
Өзгелер