О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19 января 2004 года N 6 "Об утверждении Инструкции об условиях деятельности страхового брокера"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19 января 2004 года N 6 "Об утверждении Инструкции об условиях деятельности страхового брокера"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 25.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2019 27280_380802.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004200_
- ЭКБ идентификаторы
- 27280
- Редакция идентификаторы
- 27280_380802
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:42
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2715 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 37 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3503 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықта:
кіріспеде»"Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін»"(бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру брокері брокерлік қызмет түрлерін Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";
3-тараудың атауы алынып тасталсын;
4-тараудың атауындағы "4" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тараудың атауындағы "5" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сақтандыру брокерлері сақтандыру делдалдығы бойынша деректерді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру брокерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып статистикалық, қаржылық және өзге есептілікті ұсынады.";
18-тармақтың 3) тармақшасындағы "ішкі (не тәуелсіз)" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақта "қаржылық есеп берумен қоса," деген сөздердің алдынан "аудиторлық ұйыммен расталған" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тараудың атауындағы "6" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын.