О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2004 года № 53 "Об утверждении норм и нормативов по охране, защите, воспроизводству лесов и лесоразведению на участках государственного лесного фонда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2004 года № 53 "Об утверждении норм и нормативов по охране, защите, воспроизводству лесов и лесоразведению на участках государственного лесного фонда"
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 949
- Қабылданған күні
- 24.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 AI60187_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000949
- ЭКБ идентификаторы
- 60187
- Редакция идентификаторы
- AI60187_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерде:
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған техника мен жабдықтарға тиесілік нормалары» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ранецті бүріккіш, ауа үрлейтін бүріккіш»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөлімдермен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған, қамтамасыз етілетін объектілердің және техниканың, байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары
Р/с
№
Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін объектілер мен техниканың атауы
Байланыс құралдарының атауы
Спутниктік навигация аспаптары
Тұрақты
Ұтқыр
Ұстап жүретін
1
Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі
1
-
-
-
2
Өрт сөндіру-химия станциясы
1
-
-
-
3
Өрт сөндіру машинасы
-
1
-
1
4
Патрульдік машина
-
1
-
1
1-2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындайтын қызметкерлері үшін байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары
Р/с №
Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің атауы
Байланыс құралдарының атауы
Спутниктік навигация аспаптары
Тұрақты
Ұтқыр
Ұстап жүретін
1
Орманшы
-
-
1
1
2
Орманшы көмекшісі
-
-
1
-
3
Орман шебері
-
-
1
1
4
Орман күзетшісі (ерекше қорғалатын табиғи аумақтық мемлекеттік инспекторы)
-
-
1
5
Өрт сөндіру-химия станциясының бастығы
-
-
1
1
6
Орман өрт сөндірушісі
-
-
1
-
7
Радиооператор
-
-
1
-
»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
«3-1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өрт сөндіру-химия станциялары (ӨХС) қызметкерлері санының нормативтері
Р/с №
Лауазымдар атауы
Қызметкерлер саны
1-үлгідегі ӨХС
2-үлгідегі ӨХС
1
Өрт сөндіру-химия станциясының бастығы
1
1
2
Өрт сендіру машинасының жүргізушісі
1
2
3
Тракторшы-машинист
1
2
4
Радиооператор
1
1
5
Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратурасын жөндеу жөніндегі слесарь
1
1
6
Орман өрт сөндірушісі
4
8
»;
«Орман қорын қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың нормативтері» деген 5-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5 және 6-жолдармен толықтырылсын:
«
5
Қазақтың шағын адырының қатты кеуіп қалған және кеуіп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалық ормандары (Қарағанды облысы)
90,3
1
2
3
4
5
-
0,245
0,749
1,544
2,756
6
Сексеуілді және тоғайлы ормандар (Жамбыл облысы)
3283,7
1
2
3
4
5
-
0,012
0,024
0,117
0,462
»;
мына:
«
Авиациялық күзетуге жататын орман қорының бүкіл көлемі
5495
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Авиациялық күзетуге жататын орман қорының бүкіл көлемі
8869
».