О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь о международном автомобильном сообщении от 19 января 2004 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь о международном автомобильном сообщении от 19 января 2004 года
- Атауы (қаз.)
- 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 277-V
- Қабылданған күні
- 13.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2015 AI85766_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1500000277
- ЭКБ идентификаторы
- 85766
- Редакция идентификаторы
- AI85766_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:03
0 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 25 сәуірде Минскіде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
екі мемлекет арасындағы автомобиль қатынасын, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитті одан әрі дамытуға ұмтылыс білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Келісімнің 6-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау:
а) екі Тарап мемлекеттерінің арасында;
б) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзитпен рұқсат болмай-ақ жүзеге асырылады.
Осы Келісімнің 11-бабында көзделген тасымалдауларды қоспағанда, үшінші мемлекетке/мемлекеттен жүктерді тасымалдау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін рұқсаттардың негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.».
2 2-бап
Келісімнің 11-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап әкелу кезінде де рұқсат талап етілмейді.».
3 3-бап
2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді қолдану ережелері туралы атқарушы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың а) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақта «екі Тарап мемлекеттерінің арасында, олардың аумақтары бойынша транзитпен» деген сөздер алып тасталсын.
4 4-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2013 жылғы 25 сәуірде Минск қаласында екі данада әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.