О внесении дополнений и изменений в приказ И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 19 марта 2005 года N 91-ОД "Об утверждении Правил повышения или снижения тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на предоставляемые регулируемые услуги (товары, работы)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 19 марта 2005 года N 91-ОД "Об утверждении Правил повышения или снижения тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на предоставляемые регулируемые услуги (товары, работы)"
- Атауы (қаз.)
- "Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттіттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-ОД
- Қабылданған күні
- 16.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 44250_485443.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005547_
- ЭКБ идентификаторы
- 44250
- Редакция идентификаторы
- 44250_485443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:01
0
"Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттіттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережесінің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3530 тіркелген, "Ресми газетінде" 2005 жылғы 7 мамырдағы N 19 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықтың бірінші абзацындағы "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109", "18-тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер "2007 жылғы 12 қазандағы N 943", "21-тармағының 6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында "және келісілген" деген сөздер алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______ Б. Жәмішев
2009 жылғы