О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19 апреля 2005 года № 132 "Об утверждении Инструкции о требованиях к программно-техническим средствам, необходимым для осуществления деятельности на рынке ценных бумаг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19 апреля 2005 года № 132 "Об утверждении Инструкции о требованиях к программно-техническим средствам, необходимым для осуществления деятельности на рынке ценных бумаг"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 04.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI55417_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006622
- ЭКБ идентификаторы
- 55417
- Редакция идентификаторы
- AI55417_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:14
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3649 тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 2-4 және 2-5-тармақтармен толықтырылсын:
«2-4. Қор биржасы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуi осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
1) қор биржасының сауда жүйесін әрбір пайдаланған кезде осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалану арқылы қор биржасының мүшесi атынан мәмiле жасауға және iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi жеке тұлғаларды (трейдер) сәйкестендіруді;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес құқығы жоқ тұлғалардың қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып мәмілелер жасау мүмкіндігін шектеуді;
3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 56-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға, сондай-ақ Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5406 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiнің 9-тарауына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi анықтау тұрғысынан қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер параметрлеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
2-5. Орталық депозитарий үшін бағдарламалық қамтамасыз етуi осы Нұсқаулықтың 1-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасында, 2-тармағында және 2-1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
1) Депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операцияларды жасағанға дейін:
бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығын ескере отырып осындай операцияларды жасау мүмкіндігін;
орталық депозитарийдің ережелер жиынтығының талаптарына сәйкес тұрғысынан депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операциялар жасалатын негізінде құжаттардың деректемелерін;
депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеттігін тексеруді;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жасалған тексерулердің нәтижесі бойынша:
операцияларды жасауға Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығына болжанған сәйкессіздіктер анықталса;
орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарында деректемелердің болмауы анықталса;
депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша жасалатын операциялар негізінде құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеттігі расталмаса депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операцияларды жасаудан бас тартуды;
3) егер келесі операциялық күні ашылмаса операциялық күн жабылғаннан кейін депоненттің жеке шоты немесе осы жеке шоты аясында ашылған қосалқы шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мүмкіндігін шектеуді;
4) бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктерді оларды жою және бағдарламалық қамтамасыз етудің одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған іс-шараларды көрсете отырып, сәйкессіздіктер журналында белгілеуді;
5) орталық депозитарий клиенттерінің бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуі тиіс.».