Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения"

Бұйрық · № 105 · қабылданған 03.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2005-no-274-ekb-32778/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 105 ·03.04.2007
18.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 105 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
03.04.2007
Көрсетілген редакция
18.10.2012 AI32778_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004613_
ЭКБ идентификаторы
32778
Редакция идентификаторы
AI32778_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:52

0 "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3772 нөмірлі болып тіркелген, Заң газетінде 2004 жылғы 7 қазанда N 185-156 (919-920) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:
"3. Мемлекет сыйлығын төлеу:
1) шарттық соманы төлеген кезде;
2) салымшы салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет сыйлығы тұрғын үй қарызын алуға өтініш берген сәтке дейін есептеледі.";
7-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Салым бойынша тиесілі мемлекет сыйлығы сомасының түпкілікті есебіне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын есепті жылы жүйелі түрде (қаржы жылының ішінде үш және бірнеше рет ретті түрде) бұзған салымшы енгізілмейді.";
17-тармақ 6) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекет сыйлығын қайтару салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзу орын алған тек сол қаржы жылы үшін жүзеге асырылады. Салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуына байланысты ағымдағы жылы мемлекет сыйлығының бюджетке қайтарылған салым сомасы келесі жылы мемлекет сыйлығы бар болған кезде есепке алынады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М.Шәженова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімен қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы