О внесении дополнения и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 274 "Об утверждении Правил выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 22.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2012 AI36088_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005028_
- ЭКБ идентификаторы
- 36088
- Редакция идентификаторы
- AI36088_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:47
0 "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3772 болып тіркелген, Заң газетінде 2005 жылғы 7 қазанда N 185-186 (919-920) жарияланған), "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 105 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4613 болып тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 22 маусымда N 94 (1297) жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:
8-тармақтың 1) тармақшасында "аралық тұрғын үй қарызын" деген сөздерден кейін ", алдын ала тұрғын үй қарызын" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
17-тармақтың 1) тармақшасы және 6) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.