О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 747 "Об утверждении Правил о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан"
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1177
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2005 года № 747 "Об утверждении Правил о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1177
- Қабылданған күні
- 11.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 67582_655619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001177
- ЭКБ идентификаторы
- 67582
- Редакция идентификаторы
- 67582_655619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:22
0 "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына беруге арналған көлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден өту фактісін растау үшін аумақтық көліктік бақылау органдарына тиісті сұрау салуды жолдайды.
Аумақтық көліктік бақылау органдары 5 жұмыс күні ішінде тиісті сұрау салу бойынша ақпарат береді.».