О внесении изменений в решение очередной третьей сессии маслихата города Актобе от 19 декабря 2007 года N 28 "Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Актобе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение очередной третьей сессии маслихата города Актобе от 19 декабря 2007 года N 28 "Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Актобе"
- Атауы (қаз.)
- "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 17.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2012 AI40530_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CA000094
- ЭКБ идентификаторы
- 40530
- Редакция идентификаторы
- AI40530_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:17
0 "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28 бабына сәйкес және "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 28 шешіміне Ақтөбе табиғатты қорғау прокуратурасының 2008 жылғы 31 наурыздағы N 10д - 102 наразылығының негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3-1-83 санымен тіркелген "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешімінекелесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) шешім және Қағида атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту Қағидасы";
2 2) шешімінің 1 тармағындағы және Қағиданың 1 тармағындағы "санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету" сөздері алынып тасталсын;
3 3) 18 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы";
4 4) келесі тармақтар алынып тасталсын: 50,73,80;
5 5) 62 тармақтағы "өз бетінше, немесе" сөздері алынып тасталсын;
6 6) 72 тармақтағы "кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар", "немесе" сөздері алынып тасталсын;
7 7) 81 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен және коммуналдық қызметтермен келісуі қажет";
8 8) 86 тармақтағы "Халық көп келетін орындарда қораптар бір - бірінен 40 метр қашықтықтан аспай, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 100 метр қашықтықтан аспай орнатылады" сөздері алынып тасталсын;
9 9) 99 тармақтағы "немесе өз бетімен қоқыс шығарады" сөздері алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім ресми жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Айтжанов
Мәслихат хатшысы С.Шынтасова