О реализации решения маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации решения маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 14.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2008 40788_354539.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NH000100
- ЭКБ идентификаторы
- 40788
- Редакция идентификаторы
- 40788_354539
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:06
0 Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешіміне сәйкес (Денисов ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 28 желтоқсанда № 9-8-82 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 2 санында, 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 3 санында және 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 4 санында жарияланған), сондай-ақ Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қарашадағы № 50 «Денисов ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасын бекіту туралы» шешімін орындауда әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламасын іске асыру» атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында аудандық бюджеттен мынадай төлемдер (бұдан әрі - төлемдер) белгіленсін:
1 1) 2007 жылы Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі комиссиясының іріктеуін өткен және педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарындағы үш студентке, екінші оқу жылына, төлемақысының 100 пайыз мөлшерінде;
2 2) педагогикалық мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орның бір студентіне, үшінші оқу жылына, 50 пайыз мөлшерінде;
3 3) 2007 жылы Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі комиссиясының іріктеуін өткен және медициналық мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орның бір студентіне, екінші оқу жылына, төлемақысының 100 пайыз мөлшерінде;
4 4) 2008 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түскен жоғары оқу орындарының студенттеріне, төлемақысының 100 пайыз мөлшерінде;
5 5) 2008 жылы медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен жоғары оқу орындарының студенттеріне, төлемақысының 100 пайыз мөлшерінде.
2 2. «Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен төлемдерді тағайындау жөнінідегі уәкілетті орган болып белгіленсін (бұдан былай - Уәкілетті орган).
3 3. Қолданыстағы заңнамага сәйкес мыналар белгіленсін:
1 1) жоғары көрсетілген тұлғаларға білім саласындағы орталық атқарушы органымен жыл сайын бірыңғай ұлттық және кешенді тестілеуден белгіленген минималдық санынан төмен балл жинаған төлемдерді тағайындауға болмайды;
2 2) бірінші кезектегі төлемдерді тағайындауға мыналардың құқығы бар:
ата-аналары қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беру ұйымдардың бітірушілері, жетім балалар;
аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жалпы орта білім беру ұйымдардың бітірушілері;
көп балалы отбасыларынан, жалпы орта білім беру ұйымдардың бітірушілері;
3 3) төлемдерді алуға үміткерлердің іріктеуі бірыңғай ұлттык тестілеуден және кешенді тестілеуден баллдың максималдық санын жинағандар бойынша жүргізіледі;
4 4) төлем, жоғары білімі жөніндегі дипломын алғанша, тиісті жоғары оқу мекемедегі оқудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жыл сайын және бір жолы беріледі;
5 5) төлемді алуға үміттенген тұлға Уәкілетті органға мынадай құжаттарды міндетті түрде ұсынады:
нысан бойынша өтініш;
төлемді алуға үміттенген тұлғаны растайтын құжат;
орта жалпы білімі туралы белгіленген үлгідегі аттестаттың көшірмесі;
бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері жөніндегі белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірдің көшірмесі;
6 6) ата-аналары қамқорлығынсыз қалған орта жалпы білім беретін ұйымдардың бітірушілері, жетім балалар Уәкілетті органға мынадай құжаттарды міндетті түрде ұсынады:
ата-аналары қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
баланы асырап алғаны туралы сот шешімнің көшірмесі;
қамқоршыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
7 7) аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері Уәкілетті органға мынадай құжаттарды міндетті түрде ұсынады:
отбасы мүшелердің табысы туралы құжаттар (еңбекке жарайтын (жұмыс істейтін) отбасы мүшелерінің жалақысы туралы мәліметтер немесе еңбек не басқа қызметтен, зейнетақы мен жәрдемақыдан табысты растайтын өзге де құжаттар;
өтініш ұсынған ай ішінде берілген, жұмыс істемейтін отбасы мүшелердің жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын уәкілетті органның анықтамасы;
тұтас табысты есептегенде, тұрғын үй, атаулы және қайырымдылық көмек түріндегі табыс, бала тууына байланысты быржолғы мемлекеттік жәрдемақы, қайтыс болғандарды жерлеуге біржолғы жәрдемақы есептелмейді;
8 8) көп балалы отбасылардан шыққан орта жалпы білім беретін ұйымдардың бітірушілері, Уәкілетті органға көп балалы отбасы статусын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
4 4. Уәкілетті орган, аудандық бюджеттен төлемдерді алуға үміткерден құжаттар қабылдауды 2008 жылғы 5 тамыздан 15-ші тамыз мерзімге дейін жүргізсін.
5 5. Аудандық бюджеттен төлемдерді тағайындау туралы шешім құжаттарды қабылдау аяқталған күннен, үш жұмыс күні ішінде қабылданады.
6 6. Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес қабылданған шешім негізінде үш күн ішінде Уәкілетті органға аудандық бюджеттен төлемді алу үшін іріктеуді өткен үміткерлермен екі жақты келісім шарт жасауға ұсыным шығарады.
7
7. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін Уәкілетті орган 10 банктік күн ішінде аудандық бюджет есебінен, тиісті банктік операциялар түрлеріне Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына қаражаттарды аудару жолымен төлем жасайды. Аудандық бюджеттен төлемдерді алған тұлғалар, тиісті оқу мекемесіне алған соманы оқыту үшін төлеуге және Уәкілетті органға төлеу түбіртекті тапсыруға міндетті, ол ресімделген іске тігіледі.
8 8. Аудандық бюджеттен төлемдердің қаржыландырылуы «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламасын іске асыру» бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізіледі.
9
9. Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес «Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурс негізінде үміткерлерді іріктеп және тізімін бекітсін, бюджеттік бағдарлама әкімшісі - «Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандық бюджеттен студенттер қатарындағы жастарға 2008 жылда оқуға және білім алуға байланысты шығындарды ішінара өтеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
11
11. Әкімдіктің 2007 жылғы 9 шілдедегі № 264 «Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы», мемлекеттік нормативтік құқықтык актілер тізілімінде 2007 жылғы 23 шілдеде № 9-8-73 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2007 жылғы 3 тамыздағы № 31 санында жарияланған, қаулысының күші жойылған деп танылсын.