Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 19 июля 2007 года № 34/383-III "О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области"

Өзге акт · № 41/410-IV · қабылданған 29.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2007-no-34383-iii/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 19 июля 2007 года № 34/383-III "О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области" Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/410-IV ·29.06.2011
27.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 19 июля 2007 года № 34/383-III "О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/410-IV · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 19 июля 2007 года № 34/383-III "О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области"
Атауы (қаз.)
"Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41/410-IV
Қабылданған күні
29.06.2011
Көрсетілген редакция
27.06.2017 59818_205525.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11U0002052
ЭКБ идентификаторы
59818
Редакция идентификаторы
59818_205525
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:05

0 "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1963-нөмірімен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 31-нөмірінде 2007 жылғы 23 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәртіп «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығының негізінде әзірленді және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің шарттары мен тәртібін белгілейді.»;
«Негізгі ұғымдар» деген 1 бөліктің:
1) тармақшасындағы «департаменті» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы «облыстық бюджеттен қаржыландырылатын» деген сөздер «тиісті бюджеттен қаржыландырылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.»;
«Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі» деген 3 бөліктің:
8 тармағындағы «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган» деген сөздер «жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармағындағы «уәкілетті орган,» деген сөздер «жұмыс беруші,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 бөліктің 16 тармағында «уәкілетті орган,» деген сөздер «жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы