О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2007 года № 638 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2007 года № 638 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"
- Атауы (қаз.)
- "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 18.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2012 AI39309_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005197_
- ЭКБ идентификаторы
- 39309
- Редакция идентификаторы
- AI39309_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:36
0 "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5115 тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 22 ақпандағы N 28 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығында :
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың екінші абзацында "белгіленген квотаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
Кешендi тестiлеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған жалпы бiлiм беретiн мектепті бiтiрушiлер, өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептi бiтiрушiлер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшін өткізіледі.";
6-тармақтағы "кешенді тестілеудің" деген сөздерден кейін "немесе ҰБТ" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188" деген сөздер "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
"арнаулы немесе шығармашылық дайындықты" деген сөздерден кейін" (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары)" деген сөздермен толықтырылсын;
"арнаулы немесе шығармашылық емтихандар" деген сөздерден кейін "(бұдан былай - шығармашылық емтихандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.";
екінші, төртінші және бесінші абзацтағы "Арнайы (шығармашылық)" деген сөздер "Шығармашылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "45" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.";
21-тармақтағы "30" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын.
22-тармақтағы "2 астрономиялық сағат" деген сөздер "2 сағат 30 минут" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақта:
"кешенді тестілеудің" деген сөздерден кейін "немесе ҰБТ" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Білім беру грантын алуға арналған конкурста қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдар ескеріледі.
Конкурсқа қатысу үшін төменгі балл деңгейі 50 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10) ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы қажет.";
37-тармақтағы "сертификат" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтағы "мамандықтардың реті бойынша" деген сөздерден кейін "ҰБТ немесе кешенді тестілеудегі" деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақтағы "Сертификаттар" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақтағы "сертификатты" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
46-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 3 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.";
үшінші абзацтағы "арнайы (шығармашылық)" деген сөздер "шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
_____________ А.Дерновой
2008 жылғы 18 сәуір
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі
N 213 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
ережелеріне 3-қосымша
ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі
Код
Мамандықтар топтары
мен мамандықтар
атауы
Таңдау
бойынша
пәндер
Бейіндік пән
Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
050101
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Биология
Математика
050102
Бастапқы оқытудың
педагогикасы мен
әдістемесі
Биология
Математика
050103
Педагогика және
психология
Биология
Биология
050104
Бастапқы әскери дайындық
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050105
Дефектология
Биология
Биология
050106
Музыкалық білім
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050107
Бейнелеу өнері және сызу
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050108
Дене шынықтыру және
спорт
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050109
Математика
Физика
Математика
050110
Физика
Физика
Физика
50111
Информатика
Физика
Математика
050112
Химия
Химия
Химия
050113
Биология
Биология
Биология
050114
Тарих
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
050115
Құқық және экономика
негіздері
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
050116
География
География
География
050117
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ
әдебиеті
Қазақ тілі
050118
Орыс тілі мен әдебиеті
Орыс
әдебиеті
Орыс тілі
050119
Шет тілі: екі шет тілі
Шет тілі
Шет тілі
050120
Кәсіптік білім
Физика
Математика
050121
Қазақ тілінде
оқытпайтын мектептер-
дегі қазақ тілі мен
әдебиеті
Қазақ
әдебиеті
Қазақ тілі
050122
Орыс тілінде оқытпай-
тын мектептердегі
орыс тілі мен
әдебиеті
Орыс әдебиеті
Орыс тілі
2. Гуманитарлық ғылымдар
050201
Философия
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі тарихы
050202
Халықаралық
қатынастар
Шет тілі
Шет тілі
050203
Тарих
Жалпы әлем
тарихы
Дүниежүзі тарихы
50204
Мәдениеттану
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
050205
Филология
Әдебиет
Ана тілі
050206
Дінтану
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
050207
Аударма ісі
Шет тілі
Шет тілі
050208
Археология және
этнология
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
050209
Шығыстану
Шет тілі
Шет тілі
050210
Шетел филологиясы
Шет тілі
Шет тілі
050211
Теология
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
3. Құқық
050301
Құқықтану
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
050302
Халықаралық құқық
Шет тілі
Шет тілі
050303
Құқық қорғау қызметі
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
050304
Кеден ісі
Дүниежүзі
тарихы
Дүниежүзі
тарихы
4. Өнер
050401
Музыкатану
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050402
Аспаптық орындау
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050403
Вокалдық өнер
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050404
Дәстүрлі музыка өнері
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050405
Дирижирлеу
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050406
Режиссура
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050407
Актерлық өнер
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050408
Эстрадалық өнер
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050409
Хореография
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050410
Сценография
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050411
Композиция
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050412
Операторлық өнер
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050413
Кескіндеме
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050414
Графика
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050415
Мүсін
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050416
Өнертану
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050417
Сәндік өнер
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050418
Кітапханатану және библиография
Әдебиет
Әдебиет
500419
Мұражай ісі және
ескерткіштерді қорғау
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
050420
Сәулет
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050421
Дизайн
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050422
Баспа ісі
Әдебиет
Әдебиет
5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
050501
Социология
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
050502
Политология
Дүниежүзі
тарихы
Қазақстан
тарихы
050503
Психология
Биология
Биология
050504
Журналистика
2-шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050505
Аймақтану
Шет тілі
Шет тілі
050506
Экономика
География
Математика
050507
Менеджмент
География
Математика
050508
Есеп және аудит
География
Математика
050509
Қаржы
География
Математика
050510
Мемлекеттік және
жергілікті басқару
География
Математика
050511
Маркетинг
География
Математика
6. Жаратылыстану ғылымдары
050601
Математика
Физика
Математика
050602
Информатика
Физика
Математика
050603
Механика
Физика
Математика
050604
Физика
Физика
Физика
050605
Ядролық физика
Физика
Физика
050606
Химия
Химия
Химия
050607
Биология
Биология
Биология
050608
Экология
Биология
Биология
050609
География
География
География
050610
Гидрометеорология
География
География
050611
Астрономия
Физика
Физика
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
050701
Биотехнология
Биология
Биология
050702
Автоматтандыру және басқару
Физика
Математика
050703
Ақпараттық жүйелер
Физика
Математика
050704
Есептеу техникасы
және бағдарламалық
қамтамасыз ету
Физика
Математика
050705
Математикалық және
компьютерлік моделдеу
Физика
Математика
050706
Геология және пайдалы
қазбалар кең
орындарын барлау
Физика
Математика
050707
Тау-кен ісі
Физика
Математика
050708
Мұнай-газ ісі
Физика
Математика
050709
Металлургия
Физика
Математика
050710
Материалтану және
жаңа материалдар
технологиясы
Физика
Физика
050711
Геодезия және
картография
География
Математика
050712
Машина жасау
Физика
Математика
050713
Көлік, көлік
техникасы және
технологиясы
Физика
Математика
050714
Авиациалық техника
және технологиялары
Физика
Физика
050715
Теңіз техникасы және
технологиялары
Физика
Математика
050716
Приборлар жасау
Физика
Математика
050717
Жылу энергетикасы
Физика
Математика
050718
Электр энергетикасы
Физика
Математика
050719
Радиотехника,
электроника және
телекоммуникациялар
Физика
Математика
050720
Бейорганикалық
заттардың химиялық
технологиясы
Химия
Химия
50721
Органикалық заттардың
химиялық технологиясы
Химия
Химия
050722
Полиграфия
Физика
Физика
050723
Техникалық физика
Физика
Физика
050724
Техникалық машиналар
және жабдықтар
Физика
Физика
050725
Ағаш өңдеу технологиясы
Физика
Математика
050726
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының
технологиясы және
конструкциялау
Физика
Физика
050727
Азық-түлік тағамдары
технологиясы
Химия
Химия
050728
Өңдеу өндірістерінің
технологиясы
Химия
Химия
0729
Құрылыс
Физика
Математика
050730
Құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және
конструкцияларын
өндіру
Физика
Математика
050731
Қоршаған ортаны қорғау және өмір
тіршілігінің
қауіпсіздігі
Физика
Математика
050732
Стандарттау,
метрология және
сертификаттау
Физика
Математика
050733
Тоқыма
материалдарының
технологиясы және
жобалануы
Физика
Математика
8. Ауылшаруашылық ғылымдары
050801
Агрономия
Биология
Биология
050802
Зоотехния
Биология
Биология
050803
Аң өсіру және аңшылық
Биология
Биология
050804
Балық шаруашылығы
Биология
Биология
050805
Су ресурстары және
суды қолдану
География
География
050806
Агроинженерия
Физика
Математика
050807
Орман шаруашылық ісі
Физика
Математика
050808
Топырақтану және
агрохимия
Биология
Биология
050809
Жеміс-көкөніс шаруашылығы
Биология
Биология
050810
Мелиорация, рекультивация және
жерді қорғау
Биология
Математика
9. Қызмет көрсету
050901
Көлікті пайдалану
және жүк қозғалысы
мен тасымалдауды
ұйымдастыру
Физика
Математика
050902
Туризм
География
География
050903
Жерге орналастыру
География
Математика
050904
Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
География
География
050905
Әлеуметтік жұмыс
География
География
050906
Мәдени-тынығу жұмысы
2 шығармашы-
лық емтихан
1-ші шығарма-
шылық емтихан
050907
Кадастр
География
География
050908
Бағалау
География
Математика
10. Әскери іс және қауіпсіздік
051001
Өрт қауіпсіздігі
Физика
Математика
051002
Ақпараттық қауіпсіз-
дендіру жүйесі
Физика
Математика
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
(медицина)
051101
Мейірбике ісі
Биология
Биология
051102
Қоғамдық денсаулық
сақтау
Биология
Биология
051103
Фармация
Химия
Химия
Жоғары арнайы білім мамандықтары
2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
051301
Жалпы медицина
Биология
Биология
051302
Стоматология
Биология
Биология
3. Ветеринария
051201
Ветеринарлық медицина
Биология
Биология
051202
Ветеринарлық
санитария
Биология
Биология