Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 декабря 2008 года "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" № 4С-12/6-08

Ереже · № 4С-18/8-09 · қабылданған 23.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2008-no-4-126-08/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 декабря 2008 года "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" № 4С-12/6-08 Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/8-09 ·23.07.2009
25.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 декабря 2008 года "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" № 4С-12/6-08

Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/8-09 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 декабря 2008 года "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" № 4С-12/6-08
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы" № 4С-12/6-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-18/8-09
Қабылданған күні
23.07.2009
Көрсетілген редакция
25.03.2010 47555_202991.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BI000127
ЭКБ идентификаторы
47555
Редакция идентификаторы
47555_202991
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:42

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы" № 4С-12/6-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 55 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған), Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/4-09 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған) енгізілген толықтырулармен, келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережеде:

1 1) 5 тармақта:

«аз қамтылған» деген сөздер «табысы аз» деген сөздеріне ауыстырылсын;
5 тармақтың 2) тармақшада «баспанасын жөндеуге» деген сөздерден кейін «су құбырларын, канализацияны, жылыту жүйелерін орнатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармақтың 7) тармақшада «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «растайтын құжаттарды беруі жайында» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9) онкологиялық науқастар мен туберкулезбен ауыратындардың ұзақ емдеу кезінде (кемінде алты ай) дәрі-дәрмекті сатып алуға;»
5 тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) емханаға келіп емделетін туберкулезбен ауыратын науқастардың сегіз айлық есептік көрсеткішке дейін тамақтандыруын арттыру;»

2 2) келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Орташа жандық кірісі жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектер баспанасын жөндеуге, су құбырын, канализация, жылыту жүйелерін орнатуға құқылы.»;

3 3) келесі мазмұндағы 11-1 және 11-2 тармақтармен толықтырылсын:

«11-1. Әлеуметтік көмек алушы он бес күннің ішінде көрсетілген көмектің жұмсалуы туралы комиссияны ақпараттандыруға және растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
11-2. Материалдық көмек орынсыз пайдаланылса, өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтаруға тиісті»

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ерейментау ауданының әкімі Н.Ә.Ережепов
«Ерейментау ауданының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі»мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Л.Сердцева
«Ерейментау ауданының
Қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Қ.Хасенов
«Ерейментау ауданының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ.Ж.Құдабаев

Қолданыстағы