Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 19 июня 2008 года № А-5/244 "Об ограничении хозяйственной деятельности на территории зоологических государственных природных заказников "Атбасарский", "Восточный", "Буландынский", "Ерейментауский"

Қаулы · № A-7/273 · қабылданған 01.06.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2008-no-5244/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 19 июня 2008 года № А-5/244 "Об ограничении хозяйственной деятельности на территории зоологических государственных природных заказников "Атбасарский", "Восточный", "Буландынский", "Ерейментауский" Қолданыста Қаулы ·№ A-7/273 ·01.06.2012
01.06.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 19 июня 2008 года № А-5/244 "Об ограничении хозяйственной деятельности на территории зоологических государственных природных заказников "Атбасарский", "Восточный", "Буландынский", "Ерейментауский"

Қолданыста Қаулы ·№ A-7/273 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 19 июня 2008 года № А-5/244 "Об ограничении хозяйственной деятельности на территории зоологических государственных природных заказников "Атбасарский", "Восточный", "Буландынский", "Ерейментауский"
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
A-7/273
Қабылданған күні
01.06.2012
Көрсетілген редакция
01.06.2012 66162_127082.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12B0003433
ЭКБ идентификаторы
66162
Редакция идентификаторы
66162_127082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, «Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 «Атбасар», «Восточный», «Бұланды», «Ерейментау» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдедегі «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы, 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес, «Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жер учаскелері иегерлерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық жүргізу қызметіне шектеу қойылсын.»;
2 - тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Атбасар, Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Атбасар", "Восточный", "Бұланды" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтардың аумағында:
жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушылардың жер телімдеріне ауыртпалықтарды белгілеу бойынша;
барлық жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру бойынша қажетті шаралар қолдансын.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы