О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 646
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI56676_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006705
- ЭКБ идентификаторы
- 56676
- Редакция идентификаторы
- AI56676_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:32
0 "Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 5419 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
140 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
149 «Басқа да жұмыстар мен қызметтер» ерекшелігі бойынша:
6 «Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері» бағанында:
«заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтер, жұмыстар» деген сөздерден кейін «; тірек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге көлік қызметтері үшін ақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
2 «Күрделі шығындар» санатында:
4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
430 «Күрделі жөндеу» кіші сыныбында:
«432» деген жолдан кейін:
4 «Ерекшелігі» деген баған «433» деген сандармен толықтырылсын;
5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу»;
6 «Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Республикалық немесе коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріздеу жүйесін күрделі жөндеуге байланысты шығындар».