О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 08.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI58831_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006891
- ЭКБ идентификаторы
- 58831
- Редакция идентификаторы
- AI58831_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 "Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 5419 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
2 «Күрделі шығындар» санатында:
4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
430 «Күрделі жөндеу» кіші сыныбында:
433 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша:
«Ескерту» деген 7-баған мынадай мазмұндағы келесі сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды жүзеге асыратын жағдайлардан басқа».