О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 491
- Қабылданған күні
- 14.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI68911_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008093
- ЭКБ идентификаторы
- 68911
- Редакция идентификаторы
- AI68911_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:53
0 "Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 5419 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесi осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 491 бұйрығы
Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі
Санаты
Сыныбы
Кiшi сыныбы
Ерекшелiгi
Атауы
Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
1
Ағымдағы шығындар
1
Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар
120
Жұмыс берушiлердiң жарналары
123
Мiндеттi сақтандыру жарналары
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыруға көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыруға
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiгiнiң шотына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.
140
Қорлар сатып алу
141
Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу
Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң тамақ өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тамақ мал азығы; кәсiби және ерiктi апаттық-құтқару қызметiнiң және құрамаларының құтқарушылары үшiн азық-түлiк сатып алу; әскери қызметшiлердiң, мерзiмдi қызметтiң, әскери оқу орындары, iшкi iстер органдарының оқу орындары курсанттарының, айыпталғандардың, күдiктiлердiң және қылмыс жасауға айыпталғандардың азық-түлiгiн төлеу; «Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң штат санында аспазшылар көзделген жағдайда, мектеп асханаларында тамақ өнiмдерiн сатып алу
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқық тық мәмiлелерден басқа: мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн темекi өнiмдерiнiң орнына ақшалай өтемақы төлеу кезiнде; тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген азаматтарды отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде; ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде; энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер шарт жасаспай шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
142
Дәрi-дәрмек және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу
Қан, биопрепараттар, дәрi-дәрмектер және таңу құралдарын, сондай-ақ ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу
Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқық тық мәмiле жасамай жүргiзiледi. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрi-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өзге құралдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрi-дәрмектер мен таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiле тiркеу талап етiлмейдi.
143
Заттық мүлiктердi, нысанды және арнаулы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу
Мүлiктiк керек-жарақ заттарын, пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезiнде тауарларды (жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiле жасалмайды. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
144
Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу
Әр түрлi отынды сатып алу, тасымалдау, тиеу, түсiру және сақтау
Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң, әскери-көлiк авиациясының ұшып өтуiн жүзеге асыру кезiнде ЖЖМ құнын, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелге қызметтiк iссапарларын төлеумен байланысты шығыстарды корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiле тiркеу талап етiлмейдi. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көлiктерiне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын төлеу кезiнде ветеринарлық бақылау посттарында көлiк құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтiк төлем карточкасын пайдаланумен ЖЖМ сатып алу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу талап етiлмейдi. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
149
Өзге де қорларды сатып алу
141-144 ерекшелiктері бойынша көрсетiлген шығындарды қоспағанда, бiрлiк үшiн құны 40 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын материалдармен қорларды сатып алу. Сондай-ақ, осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға арналған шығындары көрсетіледі.
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелер басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге органдарға қатысуы» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк саясатты iске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң оларды iске асыру саласында олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгiлерiн сатып алумен және сынақтан өткiзумен байланысты шығыстарын корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезiнде шартты тiркеу талап етiлмейдi.
150
Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу
151
Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
Ыстық, суық су, кәрiз үшiн төлем; газ, электрэнергиясы үшiн төлем; жылу энергиясы үшiн ақы төлеу; коммуналдық қызметтердi уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы Қазақcтан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақcтан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
152
Байланыс қызметтеріне ақы төлеу
Телефондар үшін қалааралық сөйлесу; ұялы байланыс; почта-телеграф шығындары; үкiметтiк байланыс; факс; электронды почта; арнайы байланыс; спутниктiк байланыс; телетайп; радио және байланыстың басқа да түрлері үшiн
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақcтан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге органдарға қатысуы» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
153
Көлiктік қызмет көрсетуге ақы төлеу
Көлiктi жалдау; жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингенттi, қару-жарақ, әскери техниканы, әскерге шақырылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша, «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге органдарға қатысуы» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
154
Үй-жайды жалға алу төлемдері
Үй-жайды, ғимаратты жалға алу төлемдері. Жалға алынған үй-жайды, ғимараттарды ұстауға, коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға байланысты шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша сыныпталады
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша, «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге органдарға қатысуы» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер арасында жасалған шарттарды тiркеу жүзеге асырылмайды.
155
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу
159
Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу
Шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер, жұмыстар
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; штаттан тыс қызметкерлерге, оның iшiнде еңбек шарттары бойынша жүргiзушiлерге еңбекақы төлеу кезiнде; әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша, «Шетелдегi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын құқықтары мен мүдделерiн қорғау және қамтамасыз ету» бюджеттiк бағдарламасы және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезiнде, халықаралық төрелiк органдар мен шетелдiк соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелiк шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткенi үшiн комиссия төлеген кезде азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу талап етiлмейдi. Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң, әскери-көлiк авиациясының әуе кемелеріне қызмет көрсетуге байланысты Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелге қызметтiк iссапарларын төленуі корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
160
Басқа да ағымдағы шығындар
163
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары
Киiм-кешек, аяқ киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектептiк жазу құралдарын сатып алу; мектептерде азық-түлiкпен қамтамасыз ету
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: ақшалай көмек көрсету кезiнде; санаториялық-курорттық мекемелерде және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; мектеп оқушыларын мәдени-бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылай қамтамасыз ету. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
2
Күрделi шығындар
4
Негiзгi капиталды сатып алу
410
Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу
411
Жер сатып алу
Мемлекеттiң кез келген түрдегi жердi, ормандарды, iшкi суларды және пайдалы қазба орындарын сатып алуы. Егер, мемлекет сатып алатын жерде ғимарат тұрса, және ғимараттың құны жер құнынан жеке бағаланса, ғимаратты сатып алуға арналған 412-ерекшелiкке жатқызылуы тиiс
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару және кейiннен есептеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
412
Үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар және беру қондырғыларын сатып алу
Үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар және беру қондырғыларын, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар орналасқан жердi сатып алу
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
413
Көлік құралдарын сатып алу
Көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу.
414
Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу
Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлік құралдарды сатып алу.
416
Материалдық емес активтерді сатып алу
Жеке объектiлер болып табылмайтын материалдық емес активтердi сатып алу
417
Биологиялық активтерді сатып алу
Биологиялық активтерді сатып алуға.
419
Өзге де негізгі құралдарды сатып алу
411-414 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар
100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.
420
Негiзгi құралдың күрделі жөндеуі
421
Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және беру қондырғыларын күрделi жөндеу
Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және беру қондырғыларын күрделi жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қайта жаңартумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (оның iшiнде жалақысынан ұстап қалу), әлеуметтiк салық, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар үшiн, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға, жобаларды сараптауға, инжинирингтiк қызметтерге, техникалық қадағалау қызметтерiне қажеттi заттар, материалдар және жабдықтар сатып алу
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару және кейіннен есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
422
Жолдарды күрделi жөндеу
Жолдарды және әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын күрделi жөндеумен байланысты шығындар
423
Мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделi жөндеу
Республикалық немесе коммуналдық меншiктегi ғимараттарды, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәрiздеу жүйесiн күрделi жөндеуге байланысты шығындар
Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделi жөндеу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыруды жүзеге асыратын жағдайлардан басқа
429
Басқа объектiлердi күрделi жөндеу
431-432-ерекшелiктерiнде көрiнiс таппаған басқа объектiлердi күрделi жөндеумен байланысты шығындар
430
Дамытуға бағытталған күрделі шығындар
431
Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау
Жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, оның ішінде күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерге арналған шығындар.
432
Жолдар салу
Күрделі жөндеуден басқа жолдарды салуға арналған шығындар.
433
Кемелерді салу және жеткізу
Кемелерді салу және жеткізу.
435
Мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа объектілерін салу және қолдағы бар объектілерін реконструкциялау
Күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.