О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 "Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 "Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности"
- Атауы (қаз.)
- "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 08.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2016 100331_67441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013441
- ЭКБ идентификаторы
- 100331
- Редакция идентификаторы
- 100331_67441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:14
0 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетанің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармағына сәйкес әзірленді және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібі»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберуді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
1) шет тілін білу деңгейі;
2) білім туралы құжаттың орташа балы;
3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;
4) академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау.»;
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушыларды қаржыландыру:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін республикалық бюджет қаражаты;
2) жоғары оқу орындары ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері;
3) жұмыс берушілер, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестер, халықаралық және отандық қорлар гранттары және стипендиялар;
4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
9-2. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға бюджет қаражатын бөлу кезінде жоғары оқу орындарын конкурстық негізде іріктеудің негізгі өлшемдері:
1) шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен келісімдердің және шарттардың болуы;
2) жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингке қатысуы;
3) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
4) бітірушілердің жұмысқа орналасуы 70% кем емес.».
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
____________ Е. Ыдырысов
9 ақпан 2016 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
____________ Б. Сұлтанов
29 қаңтар 2016 жылы