Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 «Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности

Бұйрық · № 41 · қабылданған 09.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2008-no-613-ekb-164391/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 «Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности Қолданыста Бұйрық ·№ 41 ·09.02.2022
09.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 «Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности

Қолданыста Бұйрық ·№ 41 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 «Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности
Атауы (қаз.)
«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
41
Қабылданған күні
09.02.2022
Көрсетілген редакция
09.02.2022 164391_560157.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026769
ЭКБ идентификаторы
164391
Редакция идентификаторы
164391_560157
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:31

0 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) әкімші (бұдан әрі – Әкімші) – құжаттарды қабылдауды және үміткерлерді іріктеу жөніндегі Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – ТСК) және Қорытынды комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы;
5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Хабарламада оқыту бөлігіндегі шарттардың/келісімдердің талаптары, үміткерлерді іріктеуге, білімге қойылатын талаптар, іріктеу процесі мен үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарының сипаттамасы, құжаттар тізбесі, Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт жасасу қажеттілігі, осы Қағидаларға сәйкес академиялық оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру, оқуды қаржыландыру, шетелдік әріптестің қалауы бойынша ақпарат, сондай-ақ елеулі мәні бар өзге де қажетті жағдайлар туралы ақпарат болуы тиіс.
7. Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу шарттары:
1) білімі туралы құжаттың орташа балы:
бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және табельдің/ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа баллы кем дегенде 4,0 (5.0-ден) немесе GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4,0/4,33-тен) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;
магистратура дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;
философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа баллы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;
ағымдағы үлгерім туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімнің орташа балының жоғарыда көрсетілген балдарға тиісінше сәйкес болуы;
үміткер оқу орнында Қағидаларда көрсетілгеннен өзгеше бағалау жүйесімен оқыған жағдайда, үміткер 4,0 немесе 5,0 шкаласы бойынша GPA баламасын көрсете отырып, оқу орнынан хат ұсынады;
қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескерілмейді.
2) оқыту тілін білу деңгейі:
Ағылшын тілінде оқытатындар үшін – IELTS – 5.5, TOEFL – 46 кем емес немесе алдыңғы оқыту деңгейінде осы тілде оқығанын растайтын диплом/транскрипттің болуы.
Қабылдаушы тарап жағынан тілді білу бойынша неғұрлым жоғары талаптар болған жағдайда, қабылдаушы тараптың талаптары қолданылады.
Басқа тілде оқытатындар үшін – қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес.»;
12 және 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«12. ТСК білім беру саласындағы халықаралық келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жеке әңгімелесуді мамандықтың жолдамасы бойынша ТСК мүшелері өткізеді.
13. ТСК үміткерлерді бағалау үшін кемінде 3 (үш) мүшеден тұратын құрамда жеке әңгімелесу өткізеді.
ТСК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына және осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес баға қояды.
ТСК өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио- және бейнежазба жүргізіледі.
Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесуді 20 минуттан артық өткізбейді.
Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда жеке әңгімелесу парақтарының көшірмелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшіге жіберіледі.
ТСК өткізген жеке әңгімелесу парақтары және оның көшірмелері, аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 1 (бір) жыл Әкімшінің архивінде сақталады.
Әкімші жеке әңгімелесуден өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен жеке әңгімелесу өткізген ТСК-ның барлық мүшелері толтырған жеке әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның қарауына ұсыну үшін ТСК орташа бағасы көрсетілген барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.»;
17 және 18-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.
18. Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға береді.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Әкімші үміткерлердің қалыптастырылған жеке істерін осындай сұрау салу келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.»;
21-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.»;
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Көрсетілетін қызметті алушы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартында белгіленеді.»;
67-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«67. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 4-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларында 7-қосымшада:
2.3.6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2.3.6. Шетелде оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2022 ж. «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
2022 ж. «___» ________

1 «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
1-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 1-қосымша
«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
«Ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
пор­тал­ға өті­ніш бер­ген кез­де – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге тап­сы­ру үшін ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны:
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар шең­бе­рін­де ше­тел­де оқу кон­кур­сы­на қа­ты­су­ға құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат неме­се (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 5499 бо­лып тір­кел­ген) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2008 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 613 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ше­тел­де, оның ішін­де ака­де­ми­я­лық ора­лым­ды­лық шең­бе­рін­де оқы­ту­ға жі­бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 7 және 26-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Пор­тал­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жі­бе­рі­ле­ді және «же­ке ка­би­не­т­ін­де» сақ­та­ла­ды.
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі мен жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш бер­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бой­ын­ша қа­был­дау ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша өкіл) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы өті­ніш бер­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған са­у­ал­на­ма;
2) же­ке ку­ә­лі­гі­нің және/неме­се төл­құ­жа­ты­ның түп­нұс­қа­сы (түп­нұс­қа­лар са­лы­сты­ры­л­ған­нан кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ры­л­ған­нан кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін):
«Ба­ка­лаври­ат» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін:
негіз­гі ор­та бі­лім ту­ра­лы қо­сым­ша­сы бар ат­те­стат неме­се қо­сым­ша­сы бар ку­ә­лік, ар­найы ор­та бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ағым­да­ғы оқу жы­лын­да­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы та­бель­мен неме­се тран­скрипт­пен бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма неме­се қо­сым­ша­сы бар ар­найы ор­та бі­лім ту­ра­лы ди­плом;
«Ма­ги­стра­ту­ра»/«Ре­зи­ден­ту­ра» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін: қо­сым­ша­сы бар ба­ка­лавр/ма­ман ди­пло­мы неме­се ағым­да­ғы жы­л­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы тран­скрипт­пен бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма.
«Док­то­ран­ту­ра» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін:
қо­сым­ша­сы бар ма­гистр ди­пло­мы неме­се ағым­да­ғы жы­л­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы тран­скрипт­пен бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма.
Құ­жат­тар­ды ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры бер­ген жағ­дай­да үміт­кер бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сын ұсы­на­ды;
4) бар болған жағ­дай­да са­лы­сты­ру үшін түп­нұс­қа­сын ұсы­на оты­рып, оқу ті­ліне сәй­кес ке­ле­тін шет ті­лін бі­ле­ті­нін рас­тай­тын құ­жат (қа­был­да­у­шы та­рап­тың та­ла­бы бой­ын­ша).
Қа­был­да­у­шы та­рап тіл­дік оқу­дан өту­ді ұсын­ған жағ­дай­да шет ті­лін бі­ле­т­ін­ді­гін рас­тай­тын құ­жат та­лап етіл­мей­ді;
5) са­лы­сты­ру үшін түп­нұс­қа­сын ұсы­на оты­рып, ағы­л­шын ті­лін­де оқы­ған жағ­дай­да ағы­л­шын ті­лін бі­ле­т­ін­ді­гін рас­тай­тын құ­жат;
6) таң­да­ған оқу ба­ғы­ты бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық неме­се ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі іс-ша­ра­лар­ға қа­тыс­қа­ны үшін ал­ған гра­мо­та­лар­дың, сер­ти­фи­кат­тар­дың, ди­плом­дар­дың кө­шір­ме­сі (болған жағ­дай­да);
7) құ­жат­тар­ды өкіл ар­қы­лы ұсын­ған жағ­дай­да, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат;
8) ше­тел­ге оқу­ға жі­бе­рі­ле­тін үміт­кер­дің заң­ды өкi­лі­нің (ата-ана­лар, ба­ла асы­рап алушы­лар, қор­ған­шы неме­се қам­қор­шы, ба­ла­ны қа­был­дай­тын ата-ана, па­тро­нат тәр­би­е­шi) но­та­ри­ал­дық ке­лі­сі­мі (18 жас­қа тол­ма­ған тұ­лға­лар үшін);
9) мы­на­дай тұ­лға­лар са­на­ты­на жа­та­тынды­ғы ту­ра­лы фак­ті­ні рас­тай­тын құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы (түп­нұс­қа са­лы­сты­ры­л­ған­нан кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы:
же­тім ба­ла­лар және ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар – ба­ла­ның ата-ана­сы­ның жоқ еке­нін рас­тай­тын құ­жат;
ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­тер және мү­ге­дек ба­ла­лар – «Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы №44 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де №10589 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – № 44 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, сон­дай-ақ «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ 175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген № 072/у ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма (ше­тел­ге шы­ға­тын­дар үшін);
көп ба­ла­лы от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар – төрт және одан көп бір­ге тұ­рып жа­тқан кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се асы­рап алу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­сі;
ауыл­дық ел­ді­ме­кен­нен шық­қан ба­ла­лар – Әкім­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден және де­ректер қо­ры­нан ал­ған ауыл­дық ел­ді­ме­кен­нен кел­ген үміт­кер­дің тұр­ғы­лық­ты же­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
10) бар болған жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік тіл­де­гі аудар­ма­сы бар ше­тел­дік жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры (бұ­дан әрі – ЖЖОК­БҰ) ша­қы­руы­ның кө­шір­ме­сі.
пор­тал ар­қы­лы:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған або­нент­тік нө­мі­рі тір­кел­ген және пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на қо­сы­л­ған жағ­дай­да бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
2) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған са­у­ал­на­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі:
«Ба­ка­лаври­ат» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін:
негіз­гі ор­та бі­лім ту­ра­лы қо­сым­ша­сы бар ат­те­стат неме­се қо­сым­ша­сы бар ку­ә­лік, ар­найы ор­та бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ағым­да­ғы оқу жы­лын­да­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы та­бель­мен неме­се тран­скрипт­пен бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма неме­се қо­сым­ша­сы бар ар­найы ор­та бі­лім ту­ра­лы ди­плом;
«Ма­ги­стра­ту­ра»/ «Ре­зи­ден­ту­ра» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін:
қо­сым­ша­сы бар ба­ка­лавр/ма­ман ди­пло­мы неме­се ағым­да­ғы оқу жы­лын­да­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы тран­скрипт­пен бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма;
«Док­то­ран­ту­ра» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу үшін:
қо­сым­ша­сы бар ма­гистр ди­пло­мы неме­се ағым­да­ғы оқу жы­лын­да­ғы үл­ге­рі­мі ту­ра­лы тран­скрипт­пен бір­ге бі­лім алушы­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы анық­та­ма.
Құ­жат­тар­ды ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры бер­ген жағ­дай­да үміт­кер бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
4) бар болған жағ­дай­да оқу ті­ліне сәй­кес ке­ле­тін шет ті­лін бі­ле­ті­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (қа­был­да­у­шы та­рап­тың та­ла­бы бой­ын­ша).
Қа­был­да­у­шы та­рап тіл­дік оқу­дан өту­ді ұсын­ған жағ­дай­да шет ті­лін бі­ле­т­ін­ді­гін рас­тай­тын құ­жат та­лап етіл­мей­ді;
5) ағы­л­шын ті­лін­де оқы­ған жағ­дай­да ағы­л­шын ті­лін бі­ле­т­ін­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
6) таң­да­ған оқу ба­ғы­ты бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық неме­се ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі іс-ша­ра­лар­ға қа­тыс­қа­ны үшін ал­ған гра­мо­та­лар­дың, сер­ти­фи­кат­тар­дың, ди­плом­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (болған жағ­дай­да);
7) ше­тел­ге оқу­ға жі­бе­рі­ле­тін үміт­кер­дің заң­ды өкi­лі­нің (ата-ана­лар, ба­ла асы­рап алушы­лар, қор­ған­шы неме­се қам­қор­шы, ба­ла­ны қа­был­дай­тын ата-ана, па­тро­нат тәр­би­е­шi) но­та­ри­ал­дық ке­лі­сі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (18 жас­қа тол­ма­ған тұ­лға­лар үшін);
8) мы­на­дай тұ­лға­лар са­на­ты­на жа­та­тынды­ғы ту­ра­лы фак­ті­ні рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі:
же­тім ба­ла­лар және ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар – ба­ла­ның ата-ана­сы­ның жоқ еке­нін рас­тай­тын құ­жат;
ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­тер және мү­ге­дек ба­ла­лар – № 44 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, сон­дай-ақ № ҚР ДСМ 175/2020 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген № 072/у ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма (ше­тел­ге шы­ға­тын­дар үшін);
көп ба­ла­лы от­ба­сы­нан шық­қан ба­ла­лар – төрт және одан көп бір­ге тұ­рып жа­тқан кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се асы­рап алу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­сі;
ауыл­дық ел­ді­ме­кен­нен шық­қан ба­ла­лар – Әкім­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден және де­ректер қо­ры­нан ал­ған ауыл­дық ел­ді­ме­кен­нен кел­ген үміт­кер­дің тұр­ғы­лық­ты же­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
9) бар болған жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік тіл­де­гі аудар­ма­сы бар ше­тел­дік ЖЖОК­БҰ ша­қы­руы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­да­ғы ақ­па­рат мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де рас­тал­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­рын, бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­та­рын, ба­ла­ның ата-ана­сы­ның жоқ еке­нін рас­тай­тын құ­жа­тын, № 44 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ны, көп ба­ла­лы от­ба­сы­нан шық­қа­нын рас­тай­тын құ­жа­тын, асы­рап алу ту­ра­лы сот ше­ші­мін ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, ауыл­дық ел­ді ме­ке­ні­нен үміт­кер­дің тұр­ғы­лық­ты же­рін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жа­з­ба­ша ке­лі­сім бе­ре­ді.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да бар де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін бел­гі­леу;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер Қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы неме­се ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рін пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да, бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414», 8 800 080 7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы ала­ды.

2 Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы «__» _____
№ ______ бұйрығына
2-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқуға жіберу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы
1.
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (оның бар болған жағ­дай­да) (бұ­дан әрі – ТӘЖ)
2.
Ту­ған кү­ні
3.
Ту­ған же­рі (ауыл, аудан, қа­ла, об­лыс, ел)
4.
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын же­ріне тір­ке­лу ме­кен-жайы (тір­ке­лім), те­ле­фон нө­мі­рі
5.
Қа­зір­гі тұ­ра­тын ме­кен -жайы, те­ле­фон нө­мі­рі, элек­трон­дық по­шта­сы
6.
Жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
7.
Жал­пы ор­та бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың ор­та­ша ба­лы, бі­тір­ген жы­лы
8.
Сіз аяқ­та­ған бас­қа оқу орын­да­ры­ның ата­уы, оқу жыл­да­ры, ор­та­ша ба­лы, ма­манды­ғы
9.
Сіз ше­тел­де оқы­ды­ңыз ба?
Қай­да (ел)?
Оқу ке­зе­ңі.
Оқу ор­ны­ның ата­уы, оқу бағ­дар­ла­ма­сы
10.
Ше­тел­де бі­лім алу (ал­ма­су бой­ын­ша, қа­был­да­у­шы та­рап, ше­тел мем­ле­ке­ті­нің неме­се ұй­ы­мы­ның бі­лім алу бағ­дар­ла­ма­ла­ры, де­ме­у­ші­лер, өзі­ң­із­дің же­ке қа­ра­жа­ты­ңыз және т.б.)
11.
Қан­дай ғы­лы­ми ең­бек­те­рі­ңіз және өнер­та­быст­а­ры­ңыз бар (ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­дар, ғы­лы­ми-әді­сте­ме­лік әзір­ле­ме­лер, па­тент­тер, ав­тор­лық ку­әлiк­тер)

12 12. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мер­зі­мі
Ұй­ым және он­да­ғы ла­у­а­зы­мы
Ме­кен – жайы
Ба­стау
Аяқ­тау
13.
Сіз бі­ле­тін шет тіл­де­рін
ата­ңыз (бі­лім дең­гей­і­ң­із­ді көр­се­ті­ңіз, мы­са­лы,
ер­кін
мең­гер­дім, жақ­сы
мең­гер­дім, оқып
тү­сін­ді­ре ала­мын,
оқи­мын және
сө­здік­пен ауда­ра­мын)
14.
Бұ­ған дей­ін шет ті­лін бі­лу дең­гей­ін тек­се­ре­тін тест тап­сыр­ды­ңыз ба? Егер тап­сыр­са­ңыз, ба­лы­ңыз қан­дай?
15.
Тұл­ға­ны ку­әл­ән­ды­ра­тын құ­жат де­ректе­рі: нө­мі­рі кім­мен бе­ріл­ді қа­шан бе­ріл­ді
16.
Оқу­ға ба­ра­тын ел ата­уы
17.
Сіз­дің ше­тел­де мең­гер­гі­ңіз ке­ле­тін ма­ман­дық
Ескертпе:
Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: ТӘЖ (оның бар болған жағдайда), үйінің мекен - жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін – ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.
Қолы_____________________ Күні __________________
Мен___________________________________________________________,
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (оның бар болған жағдайда) толық)
Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған
шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға үміткер, сауалнамада көрсетілген
барлық ақпарат толық және анық екенін растаймын.
___________________________
(үміткердің қолы)
Мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының талаптарымен таныспын.
Мен Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының 7-қосымшасы болып табылатын шетелде оқуға арналған үлгілік шартты жасасуға және шетелде академиялық оқуды бітіргеннен кейін 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру қажеттігіне келісемін.
Мен, менің сауалнамалық деректерімді Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелеріне, шетелдік үкімет және ведомстволардың ресми өкілдеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.
Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:
«Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қол қою арқылы растайтын)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қолы _____________________ Күні __________________
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ақпараттық жүйелердегі және (немесе) осы сауалнамада қамтылған жеке деректерді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын басқа да мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы _____________________ Күні __________________

3 Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесуге арналған бағалау парағы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы «__» _____
№ ______ бұйрығына
3-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
3-қосымша
Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесуге арналған бағалау парағы
1 . Үміт­кер ту­ра­лы жал­пы ақ­па­рат
Оқу елі:
Ма­ман­дық:
Үміт­кер­дің ТАӘ (оның бар болған жағ­дай­да):
2. Же­ке әң­гі­ме­ле­су ба­ға­ла­ры
1. Уәж­де­ме дең­гейі, ма­ман­дық­ты таң­да­уды тү­сі­ну дең­гейі, ал­ған бі­лі­мін ел игі­лі­гі үшін пай­да­ла­ну ни­е­ті
5 – өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­тан­ғы­сыз
1 – на­шар
0 - сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ неме­се сұ­р­ақ­қа жа­у­ап бер­ме­ді
2. Оқу­да­ғы және/неме­се таң­дал­ған ма­ман­дық/кә­сіп са­ла­сын­да­ғы тео­ри­я­лық (негіз­гі) бі­лім дең­гейі/
же­ті­стікте­рі бо­лу
5 – өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­тан­ғы­сыз
1- на­шар
0 - сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ неме­се сұ­р­ақ­қа жа­у­ап бер­ме­ді
3. Ой­лау ло­ги­ка­сы мен сөй­леу, дәлел­деу са­па­сы­ның дең­гейі
5 – өте жақ­сы
4 - жақ­сы
3 - қа­на­ғат­та­нар­лық
2 – қа­на­ғат­тан­ғы­сыз
1 – на­шар
0 – сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ неме­се сұ­р­ақ­қа жа­у­ап бер­ме­ді
3. Қо­ры­тын­ды ба­ға­сы
_________________ _______________________________ ___________________
(Қорытынды бағасы) («Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерінің Т.А.Ә (оның бар болған жағдайда))
___________ (қолы)

4 Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы «__» _____
№ ______ бұйрығына
4-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 4-қосымша
Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлері
Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры
Ба­ға
Уәж­де­ме дең­гейі, ма­ман­дық­ты таң­да­уды тү­сі­ну дең­гейі, ал­ған бі­лі­мін ел игі­лі­гі үшін пай­да­ла­ну ни­е­ті
Уәж­де­ме дең­гейі, ма­ман­дық­ты таң­да­уды тү­сі­ну дең­гейі, ал­ған бі­лі­мін ел игі­лі­гі үшін пай­да­ла­ну ни­е­ті то­лы­ғы­мен ашы­л­ған, ай­қын ком­му­ни­ка­тив­тік ой, фак­ті­лер­ге және мы­сал­дар­ға, оның ішін­де же­ке тә­жі­ри­бе­сі мен ба­қы­ла­у­ла­ры­на сүй­е­ніп әре­кет ете бі­ле­ді
5
Үстір­тін уәж­де­ме, ком­му­ни­ка­тив­тік ойы бай­қа­ла­ды, өзі­нің же­ке ба­қы­ла­у­ла­ры­на неме­се бір де­реккө­зі­нен алын­ған мы­сал­дар­ға сүй­ене оты­рып дәлел кел­ті­ре­ді
4
Уәж­де­ме­сі то­лық ашыл­ма­ған, ке­ле­шек ту­ра­лы тү­сі­нік жоқ, дәлел же­ке тә­жі­ри­бе­сіне негіз­дел­ген, мы­сал­дар мен фак­ті­лер жоқ
3
Жа­у­а­бы­ның маз­мұ­ны уәж­де­ме дең­гейі ту­ра­лы үстір­тін тү­сі­нік бе­ре­ді, ло­ги­ка­лық бұ­зу­шы­лық­та­ры бар фраг­мент­ті дәлел
2
Жа­у­ап ой­лау ло­ги­ка­сы мен сөй­леу са­па­сы, дәлел­деу дең­гейі ту­ра­лы тү­сі­нік бер­ме­ді
1
Сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ/ Жа­у­ап бе­ріл­ме­ген
0
Оқу­да­ғы және/неме­се таң­дал­ған ма­ман­дық/кә­сіп са­ла­сын­да­ғы тео­ри­я­лық (ба­за­лық) бі­лім дең­гейі/же­ті­стікте­рі­нің бо­луы
Таң­дал­ған кә­сі­бі неме­се ма­манды­ғы бой­ын­ша үз­дік та­ны­мы, әр­түр­лі мы­сал­дар мен фак­ті­лер, оның ішін­де же­ке тә­жі­ри­бе­сі­нен кел­ті­рі­л­ген
5
Таң­дал­ған кә­сі­бі неме­се ма­манды­ғы бой­ын­ша жақ­сы та­ны­мы, әр­түр­лі мы­сал­дар мен фак­ті­лер кел­ті­рі­л­ген
4
Таң­дал­ған кә­сі­бі мен ма­манды­ғы бой­ын­ша та­ны­мы фраг­мент­ті, ол­қы­лық­тар бар, мы­сал­дар бе­ріл­ме­ген
3
Та­ным­ның әл­сіз­ді­гі, еле­улі ол­қы­лық­тар бар
2
Жа­у­ап ой­лау ло­ги­ка­сы мен сөй­леу са­па­сы, дәлел­деу дең­гейі ту­ра­лы тү­сі­нік бер­ме­ді
1
Сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ/ Жа­у­ап бе­ріл­ме­ген
0
Ой­лау ло­ги­ка­сы мен сөй­леу са­па­сы, же­ке­бас қа­си­ет­те­рі, жағ­да­ят­тық мә­се­ле­лер­ді ше­шу дағ­ды­ла­ры
Ой­ын ло­ги­ка­лық түр­де жет­кі­зе ала­ды, негіз­сіз қай­та­ла­у­лар­дың бол­мауы және бі­р­із­ді­лік, грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лы­мы дұ­рыс жа­сал­ған, тер­мин­дер­ді ре­ті­мен қол­дан­ған
5
Ой­дың бі­р­із­ді­лі­гі бұ­зыл­ма­ған, ма­ғы­на­лық және ло­ги­ка­лық құ­ры­лы­мы бар, сө­зі бір­кел­кі, бі­рақ сө­здік қо­ры жет­кі­лік­ті
4
Сөй­леу ло­ги­ка­сын­да ір­кі­ліс бар, ой­ын ай­қын жет­кі­зе ал­май­ды, сө­здік қо­ры жет­кі­лік­сіз
3
Ма­ғы­на­сын тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін өрес­кел ло­ги­ка­лық бұ­зы­лу­лар мен сөй­леу са­па­сы­ның тө­мен­ді­гі
2
Жа­у­ап ой­лау ло­ги­ка­сы мен сөй­леу са­па­сы, дәлел­деу дең­гейі ту­ра­лы тү­сі­нік бер­ме­ді
1
Сұх­бат­та­су­ға кел­ген жоқ/ Жа­у­ап бе­ріл­ме­ген
0

Қолданыстағы