О внесении изменения в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 75 «Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 75 «Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 «Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 280
- Қабылданған күні
- 06.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2018 127676_382671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CJ000231
- ЭКБ идентификаторы
- 127676
- Редакция идентификаторы
- 127676_382671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:13
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 «Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 «Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–95 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».