О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 17.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2017 110574_168456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CJ005287
- ЭКБ идентификаторы
- 110574
- Редакция идентификаторы
- 110574_168456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:08
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 382, 387 баптарына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында «ставкасын», «ставкалары», «ставкасы», «бекітілсін», «№ 1 қосымшаға», «№ 1 қосымша», «алаңға» сөздері «мөлшерлемесін», «мөлшерлемелері», «мөлшері», «төмендетілсін», «қосымшаға», «қосымша», «жер учаскелеріне» сөздерімен ауыстырылсын;
2 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 379, 381 және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.».