О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 15.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2018 120499_311974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CJ000183
- ЭКБ идентификаторы
- 120499
- Редакция идентификаторы
- 120499_311974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:19
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабының 2 тармағына, 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтьқ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімде:
«Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» атауы «Темір ауданы бойынша салықтар мөлшерлемелері туралы» атауымен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабының 2 тармағына, 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2 тармақта:
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 379, 381 және 383» сөздері «Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын салық мөлшері».