О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 11.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2021 153645_513808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CJ008116
- ЭКБ идентификаторы
- 153645
- Редакция идентификаторы
- 153645_513808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:17
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімде және қосымшада:
бүкіл мәтін бойынша «іргесіндегі» және «мөлшері» деген сөздер тиісінше «жанындағы» және «мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспеде «505 бабының 2 тармағына, 510 бабына» деген сөздер «510, 531 баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақта:
«504,» деген цифрлар алып тасталсын.