О внесении изменений в решение маслихата от 19 января 2009 года № 128 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности, за счет средств районного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 19 января 2009 года № 128 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности, за счет средств районного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 21.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 75156_223015.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NS004285
- ЭКБ идентификаторы
- 75156
- Редакция идентификаторы
- 75156_223015
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:04
0
Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-88 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________ Н. Абдрахманова