О внесении дополнения в постановление акимата района от 19 января 2009 года № 16 "О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 25 декабря 2008 года № 117 "О районном бюджете Карабалыкского района на 2009 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата района от 19 января 2009 года № 16 "О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 25 декабря 2008 года № 117 "О районном бюджете Карабалыкского района на 2009 год"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 242
- Қабылданған күні
- 07.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 AI48093_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NL000120
- ЭКБ идентификаторы
- 48093
- Редакция идентификаторы
- AI48093_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:27
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабы 1-тармағының 1-3), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның 14 бабының 4-тармағына, 15, 16 бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы", 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 107 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Регламентін бекіту туралы" қаулыларына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде № 9-12-91 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Айна" газетінде жарияланған, бұрын аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 49 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде № 9-12-106 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 33 "Айна" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қосымша түрі, оның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедек-балаларға білім беру қызметін көрсету шартының негізінде оқудың нақты құнының толық мөлшерінде".