О внесении изменений и дополнения в постановление акимата района от 19 января 2009 года № 18 "Об утверждении целевых групп населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата района от 19 января 2009 года № 18 "Об утверждении целевых групп населения"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 19.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2010 AI48484_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NL000123
- ЭКБ идентификаторы
- 48484
- Редакция идентификаторы
- AI48484_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:14
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5 және 7-баптарының 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-12-92 нөмірінде тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған, бұрын Қарабалық ауданы әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 13 мамырдағы № 142 қаулысымен толықтырулар енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-12-114 нөмірінде тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 20 санында ақпараттық бюллетенінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аудан әкімдігі қаулысының атауында "бекіту" деген сөз "белгілеу" деген сөзімен ауыстырылсын;
аудан әкімдігі қаулысы 1-тармағының 12) тармақшасында "жоғары" деген сөзі алынып тасталсын;
аудан әкімдігінің қаулысы 1-тармағының 15) тармақшасы жана редақцияда жазылсын:
"жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады";
1-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшасымен толықтырылсын:
17) "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері".