Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2009 года № 542 "Об утверждении Правил оказания восстановительного лечения и медицинской реабилитации"

Бұйрық · № 954 · қабылданған 09.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2009-no-542/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2009 года № 542 "Об утверждении Правил оказания восстановительного лечения и медицинской реабилитации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 954 ·09.12.2010
06.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2009 года № 542 "Об утверждении Правил оказания восстановительного лечения и медицинской реабилитации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 954 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2009 года № 542 "Об утверждении Правил оказания восстановительного лечения и медицинской реабилитации"
Атауы (қаз.)
"Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
954
Қабылданған күні
09.12.2010
Көрсетілген редакция
06.06.2012 AI56187_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006696
ЭКБ идентификаторы
56187
Редакция идентификаторы
AI56187_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:45

0 "Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 қарашада № 5853 тіркелген және «Заң газетінде» 2009 жылғы қарашада № 179 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың 1-тармағындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ережеде:
атауындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен толықтырылсын
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже қалпына келтіру емін және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту көмегін көрсету тәртібін және оны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.»;
6-тармақ «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын;
7-тармақ «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «медициналық оңалтуға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуға» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «физикалық емдеу әдістері» деген сөздер «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «медициналық оңалтудың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы