Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 «Об утверждении Правил ведения электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, заявлениях-декларациях, выданных сертификатах соответствия, об уклонении заявителей, зарегистрировавших заявления-декларации, от проведения работ по подтверждению соответствия, и об отказах в сертификации»

Бұйрық · № 633 · қабылданған 29.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2010-no-169/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 «Об утверждении Правил ведения электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, заявлениях-декларациях, выданных сертификатах соответствия, об уклонении заявителей, зарегистрировавших заявления-декларации, от проведения работ по подтверждению соответствия, и об отказах в сертификации» Күшін жойған Бұйрық ·№ 633 ·29.08.2016
22.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 «Об утверждении Правил ведения электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, заявлениях-декларациях, выданных сертификатах соответствия, об уклонении заявителей, зарегистрировавших заявления-декларации, от проведения работ по подтверждению соответствия, и об отказах в сертификации»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 633 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 «Об утверждении Правил ведения электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, заявлениях-декларациях, выданных сертификатах соответствия, об уклонении заявителей, зарегистрировавших заявления-декларации, от проведения работ по подтверждению соответствия, и об отказах в сертификации»
Атауы (қаз.)
«Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
633
Қабылданған күні
29.08.2016
Көрсетілген редакция
22.12.2021 106844_553980.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014302
ЭКБ идентификаторы
106844
Редакция идентификаторы
106844_553980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:56

0

«Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6396 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 362-363 (26206) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1),

2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 633 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2010 жылғы 19 шiлдедегi
№ 169 бұйрығымен бекітілді
Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары

1 1. Осы Қағидалар сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру (бұдан әрі – электрондық есеп) тәртібін белгілейді.

2 2. Деректерді электрондық есепке алуды аккредиттеу жөніндегі орган ұсынған, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, осы Қағиданың 4-6-тармақтарында көрсетілген, ақпараттарды енгізу арқылы өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органдар жүргізеді.

3 3. Электрондық есеп бойынша, барлық деректер Аккредиттеу жөніндегі органына күн сайын берілген сәйкестік сертификаттарының, өтініш-декларацияларының, сәйкестік декларацияларының берілуіне және (немесе) тіркелуіне қарай ұсынылады.

4 4. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сәйкестік туралы тіркелген декларациялар туралы ақпараттарды енгізу барысында:

1 1) сәйкестік туралы декларациясының тіркеу нөмірі және тіркеу күні;

2 2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;

3 3) шығарушының атауы, мекен-жайы;

4 4) осы өнімді сәйкестендіруге болатын, сәйкестік туралы декларация таратылатын өнім туралы мәліметтер;

5 5) Кеден одағының ішкі экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды (кодтары) (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН);

6 6) өнім сәйкестігі қойылатын талаптарға сәйкес расталатын нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;

7 7) дәлелді база болып табылатын, менеджмент жүйесі сертификатына, сондай-ақ басқа да құжаттарда жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы мәліметтер;

8 8) сәйкестік туралы декларацияның қолдану мерзімі;

9 9) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген, сертификаттау органының атауы, мекен-жайы;

10 10) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген, сертификаттау орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

11 11) сәйкестік туралы декларацияға қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;

12 12) сәйкестік туралы декларация бланкінің есептік нөмірі;

13 13) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.

5 5. Бағдарламалық қамтамасыз етуде берілген сәйкестік сертификаттары туралы ақпараттарды енгізу барысында:

1 1) сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі, қызмет мерзімі, сәйкестік сертификаты ресімделген бланкінің есептік нөмірі;

2 2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;

3 3) шығарушының атауы, мекен-жайы;

4 4) сәйкестік сертификатын берген, сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекен-жайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және берілген күні;

5 5) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

6 6) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

7 7) сәйкестендіруге болатын, сертификатталған өнім туралы ақпараттар;

8 8) КО СЭҚ ТН коды (кодтары);

9 9) сертификаттау жүргізілген талаптарға сәйкес нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;

10

10) сәйкестікті растау органына нормативтік құқықтық актілердің қойылатын талаптарына өнімнің сәйкестігінің айғағы ретінде өтінім берушімен ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер (сынақ хатамасының күні, нөмірі, сынақ хаттамасын берген, сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шет ел сертификатының нөмірі, күні, оны берген органның атауы, сапа (өндіріс) жүйесі сертификатының күні, нөмірі);

11 11) сәйкестік сертификатының тиісті позициясында көрсетілген, қосымша ақпараттар;

12 12) сәйкестік сертификаты қызметінің тоқтата тұрған, қайта жандандырылған немесе тоқтатылған себебі және күні;

13 13) сәйкестік сертификатының қызметін ұзарту мерзімі күні, оны ұзартудың негізі;

14 14) сәйкестік сертификатына қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;

15 15) сәйкестік сертификаты бланкінің есептік нөмірі, сәйкестік сертификатына қосымшалардың есептік нөмірі (берілген жағдайда);

16 16) сертификаттаған өнімнің шығарушы елі шығарушы кәсіпорнының атауы көрсетіледі;

6 6. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сертификаттаудан бас тарту туралы ақпараттарды енгізген кезде:

1 1) өтінім берушінің атауы, мекен-жайы;

2 2) сертификаттаудан бас тарту күні және негізі;

3 3) өнімді жіктеуші бойынша өнімнің ішкі-экономикалық қызметінің (ІӨ ІЭҚ) коды, КО СЭҚ ТН коды;

4 4) шығарушының елі және атауы;

5 5) жеткізушінің елі және атауы;

6 6) партия: өнім бірлігінің мөлшері, салмағы (сыйымдылығы) – көрсетіледі.

Қолданыстағы