О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 16.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2013 57977_176792.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SA000192
- ЭКБ идентификаторы
- 57977
- Редакция идентификаторы
- 57977_176792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:52
0 "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 24 ақпандағы тіркелген № 13-1-173, «Қызылжар нұры» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 11, «Проспект СК» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 10 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
3-2. Қоғамдық жұмыстардың шарттары 5 (бес) күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күні, 1 (бір) сағат түскі үзіліс белгіленген, еңбек жағдайларын ескеріп жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен көзделген жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.»;
аталған қаулымен бекітілген 1-қосымша «Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері мен көлемдері» қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Балғашоқоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қала әкімдігінің 2011 жылғы
16 наурыздағы № 353 қаулысына
қосымша
Қала әкімдігінің 2010 жылғы
19 ақпандағы № 182 қаулысына
1-қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері
№
Кәсіпорындармен ұйымдардың атауы
Жұмыс
орындары
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Жұмыс көлемі
Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Қаржыландыру көзі
1
«Петропавл қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
200 адам
Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету
50400000 шаршы метр
63500 шаршы метр
18000 дана мұз блогі
12
Петропавл қаласының бюджеті
2
«Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (есірткі инъекцияларын тұтынушылар)
5000 адамды қамту мен дәрістер, әңгімелер өткізу барысында маманға көмек
12
Петропавл қаласының бюджеті
3
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
5 адам
Қаланың оқу орындарында есірткі инъекцияларымен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету
2880 адамды қамту мен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек
12
Петропавл қаласының бюджеті
4
«Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
20 адам
Халыққа қызмет етудің сапасын жақсарту және
жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын
жасауға көмек көрсету; құқық бұзушылық фактілері
нің алдын алу, анықтауға учаскелік инспекторларға көмек көрсету
2400 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
5
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу;
салық төлеу бойынша хабарландыру тапсыру
44000 құжат
22600 хабарлама
12
Петропавл қаласының бюджеті
6
«Петропавл қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
12 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындау; ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету; қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету
Құжаттардың жинақта луына қарай
12
Петропавл қаласының бюджеті
7
«Петропавл қаласының жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
6 адам
Иесіз мүлік ретінде жер телімдерін тексеруге, таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеу
5000 құжат
12
Петропавл қаласының бюджеті
8
«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесі
10 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу; курьер жұмысы
Құжаттардың жинақта луына қарай
12
Петропавл қаласының бюджеті
9
«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Мерейтойлық салтанаттарды, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу
Құжаттардың жинақта луына қарай
12
Петропавл қаласының бюджеті
10
«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек
10132 ауланы аралып шығу
12
Петропавл қаласының бюджеті
11
«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне түгендеу жүргізуге және иесіз жылжымайтын объектілерінің есебін реттеуге көмек
1200 тұрғын үй объектісін тексеру
12
Петропавл қаласының бюджеті
12
«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауда көмек көрсету
300 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
13
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті Петропавл қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Бұрынғы КСРО төлқұжаттарын ауыстырмаған және жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке куәліктерін қайта ресімдемеген азаматтарды айқындау және құжаттандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге көмек көрсету
14000 құжат
12
Петропавл қаласының бюджеті
14
«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл қаласының бюджеті
15
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл қаласының бюджеті
16
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл қаласының бюджеті
17
«Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Құжаттарды өңдеуге сақтауға дайындауға көмек көрсету
3400 құжат
10
Петропавл қаласының бюджеті
18
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы»мемлекеттік мекемесі
3 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
Петропавл қаласының бюджеті
19
Солтүстік Қазақстан облыстық соты
12 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
3
Жиынтығы:
319 адам