Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановления акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"

Қаулы · № 1236 · қабылданған 24.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2010-no-182/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановления акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска" Күшін жойған Қаулы ·№ 1236 ·24.08.2011
11.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановления акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1236 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановления акимата города Петропавловска от 19 февраля 2010 года № 182 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"
Атауы (қаз.)
"Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1236
Қабылданған күні
24.08.2011
Көрсетілген редакция
11.09.2013 60645_176578.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SA000202
ЭКБ идентификаторы
60645
Редакция идентификаторы
60645_176578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:44

0 "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына (2010 жылғы 24 ақпандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-173, «Қызылжар нұры» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 11, «Проспект СК» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 10 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері» 1 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын (қосымшаға сәйкес).

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының м.а. Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қала әкімдігінің 2011 жылғы

24 тамыздағы № 1236 қаулысына
1-қосымша
Қала әкімдігінің 2010 жылғы
19 ақпандағы № 182 қаулысымен
бекітілген
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері

Кәсіпорындар мен ұйымдардың
атауы
Жұмыс
орындары
Қоғамдық
жұмыстардың
түрлері
Жұмыс
көлемі
Қоғамдық жұмыстардың
ұзақтығы
(ай)
Қаржыландыру
көзі
1
«Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
200 адам
Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету
50400000 шаршы метр
63500 шаршы метр
18000 дана мұз блогі
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
2
«Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (есірткі инъекцияларын тұтынушылар);
5000 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелер өткізу барысында маманға көмек
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
3
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
5 адам
Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету
2880 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
4
«Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
34 адам
Халыққа қызмет етудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерек қорын жасауға көмек көрсету; құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, анықтауға учаскелік инспекторларға көмек көрсету
3000 іс
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
5
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу;
салық төлеу бойынша хабарландыру тапсыру
44000
құжат
22600 хабарлама
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
6
«Петропавл қаласы әкімінің
аппараты»
мемлекеттікмекемесі
12 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындау; ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету; қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
7
«Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Иесіз мүлік ретінде жер телімдерін тексеруге, таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеу
5000 құжат
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
8
«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесі
10 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу; курьер жұмысы
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
9
«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Мерейтойлық салтанаттарды, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
10
«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек
10132 ауланы аралып шығу
12
Петропавл қаласының
бюджеті
11
«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне түгендеу жүргізуге және иесіз жылжымайтын объектілерінің есебін реттеуге көмек
1200
тұрғын үй объектісін тексеру
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
12
«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауда көмек көрсету
300 іс
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
13
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Туу туралы куәліктері жоқ балаларды айқындау өткізуге көмек көрсету
14000 құжат
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
14
«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
15
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
16
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
17
«Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Құжаттарды өңдеуге сақтауға дайындауға көмек көрсету
3400 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
18
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
19
Солтүстік Қазақстан облыстық соты
12 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
Жиынтығы:
333 адам

Қолданыстағы