Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2010 года № 233 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки"

Бұйрық · № 136 · қабылданған 18.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2010-no-233-ekb-58848/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2010 года № 233 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки" Күшін жойған Бұйрық ·№ 136 ·18.03.2011
29.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2010 года № 233 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 136 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2010 года № 233 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки"
Атауы (қаз.)
"Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
136
Қабылданған күні
18.03.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2012 AI58848_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006912
ЭКБ идентификаторы
58848
Редакция идентификаторы
AI58848_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:50

0 "Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандығы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толтырылсын:
«25-1. Шығындардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша қосымша егжей-тегжейлі есептеріне және шығында түрлері бойынша негіздемеге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар және қаржы–экономикалық қызметінің бастығы қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толтырылсын:
«27-1. Қосымша ақшалай төлемдердің есебі 01-112 нысан (16-1-қосымша) бойынша жасалады.
Осы нысан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдері: жоспары бойынша мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен белгiленген лауазымдық қызметақыларға үстемеақыларды; жасалған келісімшарттың мерзіміне байланысты солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіріскен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақыны; мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне сыйлық есептеуге арналған.»;
36-тармағының жетінші абзацында «автокөлікті» деген сөзден кейін «және «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 (бұдан әрі - № 335 Қаулы)» деген сөздермен толтырылсын;
38-тармақта «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217» деген сөздер «№ 335 қаулы» деген сөз және цифрлармен ауыстырылсын;
45-тармақта:
«154, 413, 424, 433» деген цифрлармен толықтырылсын;
461 және 472 деген цифрлар алынып тасталсын;
2-абзацта сөздер және цифрлар «және 461» деген цифрлар «424 және 433» деген цифрлармен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 3-абзацпен толтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына сәйкес 154 ерекшелік бойынша есептеуді ұсынған кезде шетелдік жоғары оқу орындары (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханалары) мен шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметтерді, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруші болып Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға арасында жасалған шарттың көшірмелері ұсынылады.»;
15-қосымшада:
44, 45, 46, 47-бағаны алып тасталсын.
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қосымша ақшалай төлемдердің есебі

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 136 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 233 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік өтінімді жасау және
ұсыну ережесін бекіту туралы
ережесіне 16-1-қосымша
01-112-нысан
Қосымша ақшалай төлемдердің есебі
_______________________
Жыл                                  |_______________________|
Деректер түрі (болжам, жоспар, есеп) |_______________________|
Функцианалық топ                     |_______________________|
Бағдарламалар әкімшісі               |_______________________|
Мемлекеттік мекеме                   |_______________________|
Бағдарлама                           |_______________________|
Кіші бағдарлама                      |_______________________|
Ерекшелік                            |_______________________|
Қосымша ақша төлемдері
Ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Бір ай­да­ғы ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ның со­ма­сы (7 бағ. 01-111 ны­сан­нан)
Бір жыл­да­ғы ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ның со­ма­сы сый­лы­қа­қы (бағ.2 х 2)
Жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттың мер­зі­міне бай­ла­ны­сты сол­дат­тар (мат­ро­стар), сер­жант­тар (стар­ши­на­лар) ла­у­а­зы­мы­на ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша әс­ке­ри қыз­мет­ке ал­ғаш кі­ріс­кен аза­мат­тар­ға бір­жол­ғы ақ­ша­лай сый­а­қы
Әс­ке­ри қыз­мет­ке кі­ріс­кен аза­мат­тар­ға бір­жол­ғы ақ­ша­лай сый­а­қы­ны са­ны
Бір­жол­ғы ақ­ша­лай сый­а­қы­ның мөл­ше­рі
Со­ма­сы бағ.4 х бағ.5
1
2
3
4
5
6
Өл­шем бір­лі­гі
мың.тең­ге
мың.тең­ге
бірл.
мың.тең­ге
мың.тең­ге
Орталық атқарушы органының жауапты хатшысы
Бағдарлама әкімшісінің/Мемлекеттік мекеменің басшысы
Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)

Қолданыстағы