О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы»
- Атауы (қаз.)
- «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 685
- Қабылданған күні
- 17.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2018 121751_322657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1800000685
- ЭКБ идентификаторы
- 121751
- Редакция идентификаторы
- 121751_322657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:28
0 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) жүргізеді.»;
10-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган құрайды.»;
8) тармақша алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді «электрондық үкіметтің» архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі – «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы) жүзеге асырады.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеуді «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы жүзеге асырады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.».