О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы»
- Атауы (қаз.)
- «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 477
- Қабылданған күні
- 26.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2020 150592_500664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2000000477
- ЭКБ идентификаторы
- 150592
- Редакция идентификаторы
- 150592_500664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:30
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы
«Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы» блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нәтижелілікті бағалау бойынша»;
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша».