О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы"
- Атауы (қаз.)
- "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 979
- Қабылданған күні
- 12.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2014 AI86888_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000979
- ЭКБ идентификаторы
- 86888
- Редакция идентификаторы
- AI86888_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:35
0 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
"1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдарды және жергілікті атқарушы органдарды "Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру" бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды."
22-1-тармақ алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті бағыттар бойынша қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік органдарға бір мезгілде хабарлай отырып, Сараптамалық комиссияға енгізеді.".